Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Ақша бермесең, позорыңды шығарам»:  Түркістан облысында оқушы қызды айуандықпен өлтірген
ҚоғамОқиға

«Ақша бермесең, позорыңды шығарам»:  Түркістан облысында оқушы қызды айуандықпен өлтірген

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 18.04.2023
Обновлено 18.04.2023 в 10:04
Поделиться
Фото: видеодан алынған
Поделиться

Түркістан облысында оқушы қызды өлтірген күдіктілерге қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Төрткүл ауылындағы 9 сыныптың оқушысы Аружан Орынбайды сол мектепте оқитын 11 сынып оқушысы мен 19 жасар ауылдасы миллион теңге бермесең, жалаңаш фотоңды әлеуметтік желіге жариялаймыз деп бопсалапты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірақ қомақты соманы таба алмаған 15 жасар қызды бірнеше рет пышақтап, денесін суға ағызып жіберген дейді туыстары.

Қазір қос күдікті қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда марқұмның туыстары олар жазадан жалтарып кете ме қорқатынын жасырмайды. Себебі: ұсталғандардың бірі экс-әкімнің ұлы болса, екінші күдікті ауқатты отбасынан шыққан.

Аружанды соңғы төрт жыл бауырына басқан әжесі енді суреттеріне қарап, ботадай боздайды. 9 сыныпта оқып жүрген немересі пышақталған күйі ауыл маңынан өлі табылғанына әлі сене алар емес. Кешке үйдегілер ұйқыға кеткенде Аружан сыртқа шығып, қайта оралмаған.

Аружанның үйден соңғы мәрте шыққаны көрші үйдің қорасына қойылған бейнекамераға түсіп қалған. Түнгі сағат 12 шамасында әлдекіммен телефонмен сөйлесіп елеңдеген қыз арықты бойлап жүреді. Ал ертесіне 15 жасар қыздың денесі бұл жерден бірер шақырым жердегі арықтың ішінен табылды.

Әжесі оның кісі қолынан өлгеніне сенімді. Себебі, үйдің іргесіндегі арықтың маңы әбден қанға малынған. Өзіне қол салғандай қылған қаскөйлер қылмысын жасыру үшін жарақат алған қызды суға тастаған дейді.

Дыбысы шықпасын деп, бүйтіп кигізіп тұрған да, жаңағы 11 сыныптың баласы қолын артқа ұстап тұрған. Қайырып, анау пышақты екі рет ұрған. Одан кейін қыз құлағаннан кейін, анау балаға: “Қане, сен қолын кес” деген, 11 сыныптағыға. Одан кейін ол қолын кескен. Арықтың жағасында қан деген көлкөсір,

дейді марқұмның әжесі Құрманкүл Салқынбекова.

Қызды өлтіруге қатысты деген екі күдікті ұсталды. Оның бірі 19 жастағы ауылдасы болса, екіншісі Аружан оқыған Төрткүл мектебінің 11 сынып оқушысы. Қара жамылған отбасы олар қыздың жалаңаш фотосын жалпыға жарияламас үшін миллион теңге сұрағанын айтады.

Соңғы мәрте, алтысында менен ақша сұрады, қызым. Сосын мен айттым, “әкеңнен сұрашы” деген едім, “мама, сіздер ондай ақшаны тауып бере алмайсыздар” деді. Сөйтіп, менің қызымның әдеті бар, күліпойнайтын да, сосын, “неғыласың ол ақшаны” деп, қайта-қайта сұрап едім, “мама, мен шетелге кетем” деді. Міне, шетелге кетті ғой. Осы екі бала бопсалаған. “Ақша бермесең, масқараңды шығарам, сенің суретіңді шығарам” деген.

дейді марқұмның анасы.

Марқұм болған Аружан мен 11 сыныптағы күдікті туралы мектептегілер тек қана жақсы жағынан білетінбіз дейді. “Екеуінің өзара қарым-қатынасы туралы енді естіп отырмыз” деген мұғалімдер күдіктінің  момын екенін айтады.

Күдіктілерді қамауға алған полицейлер кісі өлтіру дерегімен іс қозғап, сараптама тағайындады. Бірақ бірі жергілікті бай-бағланның баласы, екіншісі бұрынғы ауыл әкімінің ұлы деген туыстары іс жылы жабыла ма деп қорқады. Сондықтан істі облыс прокуратурасы бақылауға алса дейді.

ТЕГи: Қазақстан, Түркістан облысы
Сая Манарбековна 18.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?