Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Ақшаның барлығын қайтарамыз»: Алматыда «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасына қатысты сот тыңдалымы өтті
Қоғам

«Ақшаның барлығын қайтарамыз»: Алматыда «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасына қатысты сот тыңдалымы өтті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 22.12.2022
Обновлено 22.12.2022 в 12:12
Поделиться
Поделиться

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын құруға қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы пирамидасын құруға және оны басқаруға қатысты қылмыстық істе 12 айыпталушы жауап беруде. Олардың қатарында Руслан Бурханов, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар. 

Алдын ала тыңдалым онлайн режимде өтті. Сот отырысына айыпталушылар мен олардың жақындары, зардап шеккен азаматтар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Тыңдалым кезінде айыпталушы Руслан Бурханов, Мейірхан Шерниязов қорғаушысы Дамир Жанабеков арқылы тағылған айыппен келіспейтіндерін жеткізді. Бұдан бөлек айыпталушылар мен олардың қорғаушылары тыңдалымның оффлайн режимде өтіп, үйқамаққа ауыстыруды сұрады.

«Mudarabah Capital»  қаржы пирамидасына қатысты істегі басты күдікті Руслан Бурханов салымшылардың қаржысын толық қайтарып беретінін мәлімдеді. 

Мен барлығын қайтарып береміз дегім келеді. Мен уәде бергенмін, барлығын қайтарамын. Сәл шыдаңыздар. Тек қазір қолым байлаулы,

деді ол. 

Судья Камшат Саурованың сұрағына жауап берген ол сотқа қатысты шағымдарын жеткізді. Бурхановтың пайымынша, істі прокуратураға қайтару керек және өзге де қатысушыларды жауап тарту керек. 

Неліктен ақшаның барлығы құйылған компанияның директоры Дания Рахимова қамауға алынбады. Мен толыққанды тергеудің жүргенін қалаймын, себебі негізгі қатысушылар жауапқа тартылған жоқ. Қазір бөлмеде 7 адам отыр. Барлығының балалары мен отбасы бар,

деп мәлімдеді Руслан Бурханов. 

Мейіржан Төребаев өзіне тағылған айыптардың басым бөлігі заңсыз екенін, тергеу барысында бірнеше заң бұзушылықтар тіркелгенін айтты. 

Дана Есееваны менің қорғаушым ретінде бекітуді сұраймыз. Сонымен қатар заң бұзушылықтардың көп болуына байланысты істі прокурорға қайтаруды сұраймын. Мен компания құрылған соң бірнеше айдан кейін қосылдым. Ал айыптаушы тарап менің кінәмді дәлелдейтін ешқандай нақты айғақ келтірмеді,

деді Мейіржан Төребаев. 

Ал адвокат Ролан Мурадов Мейіржан Төребаевтың сөзін қостап, оның қылмыстық іске заңсыз тартылғанын алға тартты.  

Еске салайық, 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында аталған компания жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаржы тарту мақсатында бірлескен қызмет туралы шарттар жасасқаны анықталды. Олар бұл істі 2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін жүзеге асырған.

Анара Бауыржанқызы 22.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?