8 желтоқсан кешке Самара — Шымкент автожолында Toyota Camry 30 автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға аударылған.
Жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді, ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалары тағайындалды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.