Жантүршігерлік оқиға Ақтөбе-Астрахань автожолында орын алды.
22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе — Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алды.