1996 жылы туған Б. азаматына қатысты Ақтөбенің №2 сотының айыптау үкімі заңды күшіне енді.
Ақтөбелік кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 256-бабы «терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Терроризмге қарсы орталығы хабарлады.
Қылмыстық іс аясында Б. есімді азамат мессенджерлер арқылы террористік сипаттағы материалдарды таратып, айналасындағыларға деструктивті діни көзқарастар енгізгені анықталды.