Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Ақтөбе университеті жерінен айырылды — кім жауап береді?
Қоғам

Ақтөбе университеті жерінен айырылды — кім жауап береді?

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 11.08.2022
Обновлено 11.08.2022 в 04:08
Поделиться
Поделиться

Заңгер, жер және экологиялық құқық жөніндегі сарапшы Бақытжан Базарбек Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесіп, үлкен жоба бастады — Ақтөбедегі иеліктен заңсыз шығарылған жер учаскелерін тергеу.

Заңгердің айтуынша, қалада «Ақтөбе» ӘКК пайдасына әкімдік жерді иеліктен заңсыз шығарған. Солардың ішінде ең маңыздысы — Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің 0,2779 га жоғалуы.

Материалдарды зерттеп шыққаннан кейін назар аудартқан бір нәрсе — шешім қабылдаған лауазымды адамдардың аты-жөні. Біз ешкімді кінәламаймыз, біз қолымыздағы құжаттар бойынша тергеу жүргіземіз. Нәтижелері бойынша материалдар уәкілетті органға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке беріледі,

деп атап өтті Бақытжан Базарбек.

Сонымен, Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жерлері қайда кетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін сарапшы оқиғалар хронологиясын қалпына келтірді.

Барлығы 1999 жылы Ақтөбе қаласының әкімі Елеусін Сағындықовтың қол қоюымен «Жер учаскесінің шекарасын бекіту және оны «Санжар» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне беру туралы» шешім шығарған кезден басталды.

Осы шешімге сүйене отырып, Ақтөбе қаласының әкімі 87 184 шаршы метрді құрайтын оқу орнының қолданыстағы алаңынан үш жыл мерзімге уақытша пайдалануға автотұрақ орнау үшін белгілі бір ЖШС-ға 2 779 шаршы метр бөледі,

дейді Базарбек.

Университетке қала басшысы 84 405 шаршы метр жер телімін қалдырады.

1999 жылы 30 маусымда заңгердің ақпараты бойынша жер учаскесін жалдаудың үлгілік шарты жасалады. Ал 2002 жылы жалға алушы фирма автотұрақ үшін жер учаскесін сатып алуға шешім қабылдайды және 2002 жылдың 18 шілдесінде әкім Елеусін Сағындықовқа уақытша пайдаланудағы 0, 2779 гектар жерді сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш береді.

Елеусін Сағындықов шешім қабылдау үшін құжатты Жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің басшысы Әлжановқа бұрыштамамен жібереді. Материалдар әкімдік жанындағы жер комиссиясының қарауына беріледі және Шегельскийдің төрағалығымен Жер комиссиясы «Санжар» фирмасы» ЖШС-не жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы оң қорытынды шығарады,

деп түсіндірді Бақытжан Базарбек.

Бұдан кейін «Санжар» фирмасы жалдау шартына қосымша келісімге қол қояды және жер учаскесін жеке меншікке сатып алу үшін бюджетке тең үлестермен 187 583 теңге төлейді. Нәтижесінде қала басшысының қаулысымен жер жеке меншікке өтеді. Үш жылдан кейін (2015 жылы) «Санжар» фирмасы» ЖШС аталған жер учаскесін белгілі бір «Б» ЖК-не 685 000 теңгеге сатады.

Жаңа меншік иесі әкімдікке жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге «автотұрақты орналастырудан» «үйге (құрылысқа, ғимаратқа) қызмет көрсетуге» өтініш берді. Әкімдік шенеуніктері нысанға барып, учаскені тексеріп, оң қорытынды береді.

2016 жылғы 4 сәуірде Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын ауданы 0, 2779 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы Қаулыға қол қойды.

Осылайша, Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің учаскесі 2 779 шаршы метрінен айырылып қалды. Және бұл жер заңнамасының талаптарын өрескел бұза отырып иеліктен шығарылған және қазір жеке тұлғалардың жеке меншігінде,

деді заңгер.

Жер учаскесін бөлу қалай жүргізілгеніне қатысты сұрақтар бар. Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі заңсыз екенін біле тұра жер бөлудің заңсыз жобасын қалайша бекітіп жүр? Неліктен бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдар Ақтөбе қаласы әкімінің заңсыз шешімі мен қаулысын қабылдауға кедергі жасамады?

Бұл ретте, президенттің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №2717 «Жер туралы» (күшін жойған) заң күші бар Жарлығының 44-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік жерді пайдаланушы жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті не оның кепілін белгіленген тәртіппен иеліктен шығаруға байланысты жағдайларды қоспағанда, жерді иеліктен шығаруға, сондай-ақ өзіне пайдалануға берілген жерді жалға беруге құқығы жоқ.

1999 жылғы материалдар бойынша иеліктен шығару мәні — жер учаскесі болған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан уәкілетті органның жер учаскесін жалға беруге келісімі болған жоқ!

деді Бақытжан Базарбек.

Заңгер бұл істі аяғына дейін жеткізіп, жерді университетке қайтаруға ниетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен бөлек, тергеуге «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі де қосылуға дайын. Оның жетекшісі Дидар Смағұлов жерді заңсыз алуға қатысқан бірқатар тұлғалар туралы мәліметтер бар екенін атап өтті.

Анара Бауыржанқызы 11.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?