Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарши ауылында жер үйде газ құрылғысы жарылып, екі адам ауруханаға түсті.
Ақтөбе облыстық ТЖД-ның мәліметінше, түнде сағат 02.37-де Шұбарши ауылындағы 8-наурыз көшесінде апат болды.
Оқиға орнына жеткен кезде газ қазандығы жарылғаны белгілі болды. Бірақ өрт шықпаған. Жылыту қазандығы істен шыққан болуы мүмкін. Содан газ жиналып, әп-сәтте жарылып, 84 шаршы метр қабырға мен шатыр құлады. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қалыпты.
