Оқиға

Ақтөбеде мектепте оқушы қайтыс болды

Ақтөбедегі №27 мектепте 7 сынып оқушысы құлаған сәтінде партаның бұрышына соғылып, көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алған сәтте бала тыныс алмай қалған. 12 жастағы оқушы жедел жәрдеммен ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген.

Жедел жәрдем бригадасы пациентті тамақ тұсындағы және көкірек тұсындағы жарақат диагнозымен алып келді. Ол клиникалық өлім жағдайында болды. Ұйқы күретамырын басып көргенде, тамыры соқпаған, артериялық қан қысымы анықталмаған. Ес-түссіз болды. 30 минут бойы жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижесін бермеді. Сағат 11:25-те биологиялық өлім тіркелді,

деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Дерек бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago