Экономика

Электромобиль сатушылар мемлекетке зиян тигізді

Әлемдік тенденция, техникалық сипаттамалар және электромобильдерді әкелу кезінде мемлекеттік төлемдерден босату олардың сұранысының артуына әкелді.

Бас көлік прокуратурасы хабарлағандай, мұндай преференцияны қолданудың негізгі шарты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке пайдалану үшін жылына тек 1 машинаны әкелу болып табылады.

​Алайда іс жүзінде электромобильдер жеке пайдалану үшін рәсімделгенімен кейіннен қайта сатылуға әкелінген, оның ішінде 8 автосалонмен де.

​Тек Алматы қаласы бойынша көлік прокурорлары осындай 34 қайта сату белгілерін анықтаған, онда мемлекеттің болжамды шығындары 100 млн теңгеден асады.

​Мұндай жағдайда мемлекеттік қазынаға зиян келтіруден басқа, салауатты емес бәсекелестікке жол берілген, бұл көбінесе адал бизнесті банкрот деп танылуына әкеледі.

​Бұл электромобильдерге қатысты кеден саласындағы жалғыз мәселе емес.

​Мемлекеттік кіріс органдары оларды кедендік тазарту кезінде заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етпейді.

Мысалы, «Li Auto» (Li 7 және 9) маркалы автокөліктің жағдайы. Уәкілетті органның ұстанымына сәйкес бұл көлік электромобиль болып табылады.

​Осындай реттерде, 141 бірдей автокөлікке кеден өкілдерімен және декларанттармен 7 жағдайда гибрид коды қолданылған, бұның өзі бюджетке шамамен 80 млн теңгенің негізсіз төленуіне және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған. Ал кеден органдары уақтылы бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдамаған.

Бүгінгі күні көлік прокуратураның енгізген ұсынысы бойынша мұндай тәжірибені жою және декларанттарға (гибридті ретінде ресімделген автомашиналардың меншік иелеріне) ақшасомаларын қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ, кінәлі қызметкерлерді тәртіптік, ал кеден брокерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Қылмыс белгілері бар жекелеген материалдар қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

21 час ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

22 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

22 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

22 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

24 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago