Бұл туралы «Актобе, дыши» қоғамдастығының белсендісі Евгений Лазарчук хабарлады.
Қаланы түтін қаланы басты. Терезелерді жауып, көшеге шықпауға тырысыңыз!
Аумағы 1500 шаршы метр полигондағы өрт 2 маусымда басталған. Жалпы, бұл жер 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ең алғаш өрт 2015 жылы болып, содан кейін жыл сайын өздігінен өртенетін болған.
Қала әкімдігі оқиға орнында мамандар мен техникалар жұмыс істеп жатқанын айтты. Өткен жылы бұл жақ 15 рет өртеніп, ақтөбеліктер бірнеше күн түтінмен тыныстауға мәжбүр болған еді.
