Ақтөбеде Елек өзенінің жағасынан екі адамның денесі табылды.
Ақтөбе облыстық прокурорының көмекшісі Өркен Ещановтың айтуынша, 26 қазанда сағат 20:14-те «102» нөміріне Елек өзені жағасынан, К. Нокин даңғылының бойындағы «Оазис» монша кешеніне қарама-қарсы жерде екі мәйіттің жатқаны туралы хабарланған.
Ағаштар арасынан 1991 жылы туған А. Көшкімбаев және 1995 жылы туған С. Тулеуовтың денесі табылды. Екеуін де қинап өлтіргенін дәлелдейтін белгі бар,
деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.
Аталған дерекке байланысты Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуроры бақылауға алды.
Аталған бапта көзделген қылмыс үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.