Оқиға

Ақтөбеде жұмыссыз жүрген азамат тұрғынның атына 4 бірдей онлайн несие рәсімдеген

Ақтөбеде жұмыссыз жүрген азамат тұрғынды жұмысқа орналастырамын деп сендіріп, атына 4 бірдей онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мамыр айының соңында Алға қаласының 19 жастағы тұрғыны өзіне жұмыс іздеген. Жұмыс іздеп жүрген жас жігітті Мұғалжар ауданының 23 жастағы тұрғыны аксессуарлар сататын онлайн дүкенге жұмысқа орналастыратынын айтып сендірген.

Жұмысқа орналастыруға құжаттарын рәсімдейтінін айтқан мұғалжарлық жігіт оның жеке куәлігін алып, онлайн-дүкенмен жұмысты көрсетемін деген сылтаумен телефонын да қолданған. Содан оның атына үш банк пен бір қаржы ұйымынан 4 онлайн несие рәсімдеген. Несиенің жалпы сомасы 2 миллион тенгеге жуықтады. Бұл туралы жәбірленуші банктерден өзінің атына несиені уақытылы төлемегені туралы хабарландырулар келген кезде біліп, қазан айында полицияға арызданды.

Алға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Жігіт өз кінәсін мойындап, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. Бұл ретте, жігіттің өзі жұмыссыз екені анықталды. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago