Ақтөбеде жалған полицей куәлігін сатқан адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жергілікті тұрғын компьютердің, түрлі-түсті принтердің және ламинатордың көмегімен жалған полиция куәліктерін жасап, қарапайым азаматтарға сатқан. Оның пәтерін тінту кезінде кеңсе жабдықтарынан басқа ІІМ қызметкерлерінің куәліктеріне арналған жүзден астам мұқаба алынды. Күдікті жедел уәкілдің “корочкасын” сатқаннан кейін арнайы іс-шараларды өткізу кезінде ұсталды.
Қылмыстық іс қозғалды, күдікті жасап, сатып үлгерген жалған қызметтік куәліктерді анықтау және тәркілеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.