Оқиға

Ақтөбеде жол апаты: оқушылар көлікте тірідей жанып кетті

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Сағашилі ауылының тұсында жол апаты орын алып, 8 адам көз жұмды, деп хабарлады inbusiness.kz.

Бүгін таңғы сегіз жарым шамасында Toyota Hilux және LADA Largus автокөліктері соқтығысқан. LADA Largus көлігі жанып кеткен.

Ақтөбе әкімдігі жол апатынан 8 адамның қаза тапқанын растады. Оның төртеуі – бала.

Қаза тапқандардың бәрі LADA Largus маркалы көлігінде болған. Жанып кеткен мүрделерді сараптамасыз анықтау мүмкін емес.

Апатқа ұшыраған LADA Largus көлігін Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылының тұрғыны жүргізген. Қаза болған сегіз адамның бірі – LADA Largus көлігінің жүргізушісі.

Ол – Ақтөбе мен Кеңқияқтың арасына екі мың теңгеден ақы алатын қанағатшыл таксистің бірі еді,

дейді Темір ауданы Саркөл ауылының әкімі Мәди Сүйіншалин.

Жол апатынан кейін өртеніп кеткен көлікте Кеңқияқпен іргелес Саркөл ауылының бес тұрғыны болған. Саркөлдік ер адам 12 жастағы ұлымен бірге, ал егде әйел төртінші және алтыншы сыныпта оқитын екі немересімен бірге қаза тапты.

Саркөлдің тұрғыны жиен қыздарын Ақтөбеге дәрігерге көрсетуге алып бара жатқан. Ер адам жолға 12 жасар ұлын алып, жеке шаруасымен шыққан,

дейді Темір ауданы Саркөл ауылының әкімі Мәди Сүйіншалин.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago