Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы бес жаңа бағыт ашады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 қазанда Ақтөбе – Пхукет бағыты бойынша жаңа рейс, осы айдың 24-інен бастап Дубайға осы әуе рейсі ашылады. 1 қарашада Оралға тікелей рейс ашылады, жол жүру уақыты 1 сағат 10 минут болады. Биыл қарашада Ташкент пен Самараға да рейстер ашылады.
Дубайға, Самараға және Оралға рейс аптасына екі рет, Пхукет пен Ташкентке бір рет ұшады. Қажет болған жағдайда рейс саны көбейтіледі.
Әуе айлағының маршруттық желісін кеңейту жұмысы жалғасады. Ағымдағы жылдың соңына дейін маршрут желісін ұлғайту жоспарлануда.