Categories: Маңызды

Жаңа Қазақстан Қаңтар туралы шындықты айтуға әзір ме?

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша Тоқаев халықтан ештеңені жасырмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек.

Мәселе, ол қандай шындық? Біз күткен ақиқат айтыла ма? Билік алаңға шыққандарды айыптауды доғарып, оларды «бандылар» мен «лаңкестерге» теңеген риторикадан бас тарта ма?

Қошановтың мәлім еткеніндей өткен 365 күнде Қаңтардың себеп-салдарын зерделеген тергеу амалдары жүргізілген. Соның нәтижесін ашық жариялайтын күн туған.

Осы арқылы қоғамдағы түрлі пікірлер мен қилы қауесеттерге тоқтау саламыз.

Ал бүгін Мәжілісте Қаңтар оқиғасы туралы тың мәліметтер айтылып, Бас прокуратура бір жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижесін жария етті. Шындық айтылды ма?

Бас прокурор Берік Асыловтың осы оқиғаға қатысты тергеу нәтижесінің бірқатар тезистерін ұсынамыз. Сонымен, Мәжілістегі тыңдауда Қаңтар трагедиясына қатысты келесідей ақпарат берілді:

  • Тоқаев? Елдің жоғарғы басшылығын ауыстыру операциясы мұқият жоспарланған. Бұл мемлекеттік төңкеріс әрекеті болды.
  • Бүкіл 2021 жыл бойы орындаушылар радикалды шараларды қолдану мақсатымен жасырын дайындалған. Қоғамның бірлігі пысықталған сценарийлер бойынша шайқалған.
  • «Дикий Арман» ҰҚК жамылған үйлестіруші басқаруымен әрекет еткен.

Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, халықты бақылауға алып, билікке ультиматум қою үшін «халық кеңесін» құруы тиіс еді. Бұл ісін жүзеге асыру үшін Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты белсене көмектескен, сондай-ақ ұйымдасқан түрде «Қазақстан» қонақүйіне келген қарақшыларды қаруландырған қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов болды,

дейді Бас прокурор.
  • Тергеу ұйғарымы бойынша қорғаныс министрлігінің экс-министрі Бектанов қарамағындағыларға заңсыз бұйрықтар берген.

Ол Қорғаныс министрі ретінде елде конституциялық тәртіп орнату бойынша шаралар қабылдамаған. Адамдар қырылғанда Қарулы күштердің әлеуеті пайдаланылмаған.

  • Құқық қорғаушылар атыс қаруын ойрандау әрекеттері зорлық фазасына ауысқанда ғана қолданған. Құқық қорғаушылардың көбінде атыс қаруы болмаған.

Полицияға қылмыскерлерге қарсы оқ ату командасы қажет емес. Заңдардың нақты нормалары бар,

дейді Берік Асылов.
  • Ұйымдастырушылар арасында жоғары дәрежелі шенеуніктер де, ҰҚТ мүшелері де болған.
  • Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҰҚК қызметкерлері Мәсімовтің нұсқауымен ғимараттарын қараусыз қалдырған. Оның тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ғимараттарын тастап шыққан. Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер департаменттерінің ғимараттары қараусыз қалдырылған.

Мәжілістегі тыңдауда осындай мәлімет берілді. Жаңа Қазақстанның Қаңтарға қатысты риторикасы өзгерді ме, қалай ойлайсыз?

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago