Categories: Қоғам

Конституциядан орыс тілін алып тастайтын уақыт келді

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Конституциядан орыс тілін алып тастайтын уақыт жеткенін мәлімдеді:

Ұлттық идеологиямыз – мемлекеттік тіліміз болуы керек! Мемлекеттік тілдің тәуелсіздігі Ата заңда айқын көрінуі тиіс! Ел біртұтас бірігу үшін барлық ұлт мемлекеттік тілде сөйлеуі керек!

Конституциялық кеңестің 2007 жылғы 23 ақпандағы №3 қосымша қаулысы бойынша Конституциядағы Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады деген норма ресми тіл статусы емес және орыс тiлiне екiншi мемлекеттiк тiл мәртебесi берiлетiнiн бiлдiрмейдi. Сондықтан, Атазаңдағы 7-баптың 2-тармағы жұртты әлі шатастырып, орыс тілі заңсыз мемлекеттік тіл рөлін атқарып келе жатқандықтан, бүгінде ұлтаралық жанжалдардың туындауына себеп болып отыр. Сондықтан Конституцияның 7-бабының 2- тармағын алып тастайтын кез жетті.

Өйткені, кез келген дүкенге, мекемеге кірген Ресей тілін білмейтін және шет тілін білмеуге толық хақысы бар азамат ел заңнамасына сай Мемлекеттік тілде қызмет етуді талап еткенде, одан 30 жыл бойы мемлекет те, басшысы да талап етпеген мемлекеттік тілді білмейтін сатушы не қызметкер «Бізде мемлекеттік тіл – екеу, Конституцияның 7-бабы, 2-тармағы солай» деп, заңсыз қарсыласады да, дау-жанжалдың барлығы осыдан шығады. Осы мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы Конституциялық кеңестің қаулысы айқындап берген анықтама-тұжырымды осы уақытқа дейін біз әлі парламенттегі көптеген депутаттарға, тіпті, мамандығы заңгер депутаттарға түсіндіре алмай келеміз…

“Біздің елде Мемлекеттік тіл екеу”, “Орыс тілі — ресми тіл, мемлекеттік тілдің орнына жүре береді” деген заңға қайшы сөзді сауда орындарындағы сауатсыз сатушы айтса, мейлі, сақалы ағарған саясаткер, биліктегі жоғары лауазымды шенеуніктер, министр, әкім, депутаттар айтып жатқанда, олардың сауатсыздығына таңғаласың!  Біздің Қазақстанда мемлекеттік тілге қарсы осындай заңсыз саясат отыз жылдан астам уақыттан бері үстемдік етіп келеді.  ҚР “Тіл туралы” Заңының 4-бабында “Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі”, – деп айқын жазылған.

Ал ҚПК-нің 30-бабы, ӘҚБтК-нің 738- бабы бойынша да Қазақстанда қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тілі қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізу де мемлекеттік тілде жүргізілуі керек. Биліктің мемлекеттік тілді білетін мемлекеттік қызметкерлер жоқ деп, мемлекеттік тілді міндеттемей отыруы – Тәуелсіздіктің 30 жылында мемлекеттің мемлекеттік тілді дамытуда түк істемгенін мойындауы болып саналады.

Бізде 30 жылдан бері мемлекеттік тіл туралы заң жоқ! Конституцияның тіл туралы бабының бірінші тармағын орындамай, оған қарсы екінші тармағын орындайтын ел әлемде тағы да жалғыз Қазақстан! Тілдік дискринимацияға ұшырап жатқан ҚАЗАҚ ТІЛІ, орыс тілі емес!

Қазыбек Иса

Өйткені,мемлекеттің мемлекеттік тілі дискриминацияға ұшырау — тарихта әлемде тек Қазақстанда ғана!  Ал кез келген өзін сыйлайтын ел үшін алдымен әлемдік алты тіл емес, ең бірінші Мемлекеттік тілі маңызды! Мемлекеттік тілді қорлатпау — мемлекет басшыларынан бастап, бәріміздің басты міндетіміз болуы тиіс! Ұлттық намысы жоқтардың: “Бәріне түсінікті тілмен сөйлейін”-дегені — мемлекеттік тілді қорлауы және бізде 30 жылда да мемлекеттік тілдің болмағанын мойындауы! Ел біртұтас бірігу үшін барлық ұлт мемлекеттік тілде сөйлеуі керек!

деді Қазыбек Иса.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago