Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 қылмыстық соты Қаңтар оқиғасынан соң азапталдым деген Тимур Радченконың шағымын қарап, полицейлер Бақыт Хамит, Арнат Бимурзаев және Дәулет Қалымбайға үкім шығарды. Бұл туралы процесті қадағалаған құқық қорғаушы Бахытжан Төреғожина Facebook парақшасында хабарлады деп Азаттық хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, судья Хамит пен Бимурзаевты «Азаптау» бабымен айыпты деп танып, үш жылға соттады. Олар жазасын қоныс колониясында өтеуге тиіс. Ал Қалымбайды «қызметіне салғырт қарады» деген айыппен бір жарым жылға бас бостандығы шектеді.
Сонымен қатар оларға ұш жыл органда жұмыс істеуге тыйым салынды. Айыпталушылар сотта өз кінәларын мойындамады.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.