Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Қаңтар оқиғасы. Британия парламентінің мүшелері тексеріске кірісті
Басты жаңалықтарҚоғам

Қаңтар оқиғасы. Британия парламентінің мүшелері тексеріске кірісті

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 02.11.2022
Обновлено 02.11.2022 в 10:11
Поделиться
Поделиться

Британия парламентінің мүшелері қамаудағы оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың ісі негізінде Қаңтар оқиғасында және оқиғадан кейін Қазақстанда адам құқықтары мен халықаралық құқықтардың бұзылғаны жайлы хабарларды тексермек. Бұл туралы Азаттық Радиосы жазды.

Үкіметтік емес комиссияны Қазақстанның аты-жөнін жасырын ұстауды қалайтын азаматтары құрған, олар «елде саяси қуғын мен адам құқығының нашарлауына алаңдайды». Лондондық Bindmans заң фирмасының серіктесі Таяб Али 1 қарашада өткен онлайн отырыста «жеке бастарының қауіпсіздігіне байланысты» комиссиядағы қазақстандықтардың аты-жөні жарияланбайтынын айтты.

Комиссия төрағасы – британиялық саясаткер және заңгер, 2000 жылдары Англия мен Уэльстің прокурорлық қызметін басқарған Кеннет Макдональд. Қазанда Макдональд және британиялық саясаткер Эндрю Митчел мен Британия парламентінің мүшесі Рушнара Али Қазақстанның Лондондағы елшілігіне ресми хат жолдаған. Олар Қазақстан билігінен тергеуге қатысуға және Жанболат Мамаймен кездестіруді сұраған. Митчел өткен аптада даму бойынша кіші министр болып тағайындалғандықтан комиссиядан шыққан.

«Демократиялық партия» құрғысы келетін бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамай ақпаннан бері қамауда отыр.

Таяб Алидің сөзінше, комиссия 2020 жылдың қаңтарында болған оқиғаға аса көп назар аудармайды, бірақ комиссия мүшелері Мамайдың ісі бойынша фактілерді қарастырмақ.

Қазір комиссия «Мамайдың ұстауға негіз болған дәлелдерді, оны және басқа да саяси тұтқындардың қамаудағы жағдайы жайлы ақпараттар мен дәлелдерді алу» процессін жүргізіп жатыр. Одан соң куәгерлер мен қазақстандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары жіберген дәлелдерді қарастырмақ. Ал жыл соңында комиссия куәгерлерді тыңдау үшін ашық жиын өткізуді жоспарлайды.

Мамайдың адвокаты Ернар Кенжебаев онлайн жиында белсендіге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілгенін айтты. Өткен аптада билік Мамайға тағылған «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» айыбын «бейбіт митинг өткізу жаңын бұзу» бабына ауыстырған еді. Бұдан бөлек Мамайға «жалған ақпарат таратты» деген де айып тағылған. Жиында адвокат Кенжебаев Мамай «жалған ақпарат тарату» айыбына қатысы жоғын жеткізді.

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюро жетекшісі Евгений Жовтис Азаттыққа «комиссия жұмысы құқық қорғаушылардың бұған дейінгі халықаралық тергеуге шақырған үндеуін растайды» деп санайды.

«Халықаралық тергеусіз біз ешқашан шындықты, адам құқығы қалай сақталғанын білмейміз» дейді ол.

«Демпартияны» тіркеуге тырысып жүрген Мамай биыл ақпанда қамауға алынған. Оған бастапқыда «жалған ақпарат тарату» , «билік өкілін қорлау» айыбы тағылған. Ал маусымда оған қаңтарда «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айып та қосылған.

Биыл Қазақстанда болған Қаңтар оқиғасында кемі 238 адам қаза тапқан, олардың арасында 19-ы – орган өкілдері. Қазақстандық құқық қорғаушылар мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін Қаңтар қырғынына халықаралық тергеу жүргізуге шақырған еді. Астана бұл ұсыныстан бас тартқан.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 02.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?