Рақымшылықпен босаған қаңтар оқиғасының қатысушылары мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарына жұмысқа кіре алмайды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев сенат кулуарында айтты.
Олардың соттылығы туралы анықтамасында «рақымшылық шарасы қолданылған» деген жазу тұрады,
деді Шындалиев.
Бас прокуордың орынбасары рақымшылыққа ілінгендер «ақталған» болып саналмайтынын айтты.
Бұл ақтауға негіз болмайды. Сондықтан рақымшылыққа байланысты жазадан босатылған адамдар үшін заңнамада белгілі бір шектеулер бар. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметі туралы заңнамада рақымшылық жасау актісі қолданылған адамдар мемлекеттік қызметке, құқық қорғау қызметіне кіре алмайды деп көрсетілген. Бірақ бұл шектеулердің рақымшылыққа ілінгендердің туыстарына ешқандай қатысы жоқ,
деді Әсет Шындалиев.