Қаңтар оқиғасы: рақымшылыққа ілінгендер мемқызметте жұмыс істей алмайды

Рақымшылықпен босаған қаңтар оқиғасының қатысушылары мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарына жұмысқа кіре алмайды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев сенат кулуарында айтты.

Олардың соттылығы туралы анықтамасында «рақымшылық шарасы қолданылған» деген жазу тұрады,

деді Шындалиев.

Бас прокуордың орынбасары рақымшылыққа ілінгендер «ақталған» болып саналмайтынын айтты.

Бұл ақтауға негіз болмайды. Сондықтан рақымшылыққа байланысты жазадан босатылған адамдар үшін заңнамада белгілі бір шектеулер бар. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметі туралы заңнамада рақымшылық жасау актісі қолданылған адамдар мемлекеттік қызметке, құқық қорғау қызметіне кіре алмайды деп көрсетілген. Бірақ бұл шектеулердің рақымшылыққа ілінгендердің туыстарына ешқандай қатысы жоқ,

деді Әсет Шындалиев.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Есірткі заттарын таратқан 8 интернет-ресурс жабылды

Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты. Сотпен анықталғаны,…

5 часов ago

Қой, бүйткен бапкер құрсын. Бұндай футболдың қажеті жоқ

Қайрат Нұрдәулетовқа тізгінді берейік... Күні кеше футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетіп, әлеуметтік желі…

5 часов ago

Утильсбор деген қазақтың соры…

Министр Шарлапаев қазаққа жанашырлық танытар болса, төбемізге көтеріп, арқалап жүрер едік! Кеше министрмен кездесуде дөңгелек…

2 дня ago

Жамбыл облысында жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 132 шақырым жерде. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі…

2 дня ago

ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б. Нахановқа,…

2 дня ago

«Кабинетінде қыз зорлаған» Күштібаевтың әйелі үндеу жасады

«Мен, Талдықорған қаласының тұрғыны Түкенова Ләззат Сәдекқызымын, жұбайым Күштібаев Марат Әлімқұлұлы қыз зорлады деген жаламен…

3 дня ago