Шенеуніктер казиноға құртқан ақшаны кім іздейді?

Алматы облыстық прокуратурасы осы мәселені зерттеп, біздегі мықтылардың осы казино мен ойын автоматтарына барлығы 500 миллион теңгені қалдырып кеткендігін анықтаған.

Содан не болды дейсіздер ғой?.. Ештеңе де. Барлығы сол баяғы, бәрі судан таза, сүттен ақ болуға тырысып, жанталасып жатыр. Айтатындары: «Әрине, бұл дұрыс емес. Барлық мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексінен аспауы керек», — деген жалпылама, жалпақ шешейлік. Сол баяғы «сен тимесең, мен тимен бадырақ көз» дегеннің сарыны, деп жазды журналист Жайберген Болатов.

Бұлардың ішінде казинода ақша ұтқызудан басқаларды шаң қаптырып кеткен, яғни, 97 миллион теңгені қабақ шытпай осында тастап кеткен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері көш бастап тұр. Ал олардың бастығы Марат Ахметжановтың да айтатыны осы уәж. Олармен үзеңгілес келе жатқан, яғни, казинодағы ақша шашудан екінші орын алып, 95 миллион теңгені сөзге келместен бере салған Қорғаныс министрлігіндегі дөкейлер, тіпті, үнсіз. Ауыздарына су толтырып алған сыңайлы. Бұлар, сірә, «бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген ұстанымға берік екендігі байқалады. Ал бұлардың қасында тым қарапайымдылық танытып, құмар ойынға небәрі 25 миллион теңге ғана ұтқызған Қаржы министрлігіндегі үнемшілдерге бірдеңе деудің өзі ұят секілді. Одан қалды, бас-аяғы тек қана 15 миллион теңгенің басына су құйған Қаржы монторингі агенттігі мен казиноға 7 миллион теңгені әзер тапқан Жоғарғы сотқа қалай кінә арта аларсың?..

Жалпы, казино секілді жын ойнақтан аулақ жүрудің қажет екендігін жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер түгілі, қарапайым қаймана қазақ та біледі. Ал Әдеп кодексіне берік болуды министр мырза қарамағындағыларға ертерек ескертуі керек еді. Енді «жау кеткен соң, қылышыңды боққа шап».

Ал енді бұл жерде көпшілікті толғантқан басты сауал мүлдем ұмыт қалған сыңайлы. Ол «осыншама мол ақшаны әлгі мемлекеттік қызметшілер қайдан алды?» деген салмақты сұрақ. Бір қызығы, мұны министрі болсын, қалғаны болсын, шеберлікпен айналып өтуге тырысады. Бұл не, оған жауабы жоқ па, әлде қарапайым халықты ақымақ санай ма?

Сіздер қалай ойлайсыздар?

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago