Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Қаңтар оқиғасы. Рақымшылық кімдерге жасалады?
Басты жаңалықтарҚоғам

Қаңтар оқиғасы. Рақымшылық кімдерге жасалады?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 18.10.2022
Обновлено 19.10.2022 в 02:10
Поделиться
Поделиться

Қаңтар оқиғаларына қатысқан азаматтарға «Рақымшылық жасау» туралы заң жобасын қарауға алынды. Бір реттік кешірімді кімдер алады және кімдер қалады?

Мазмұны
Азаптауға қатысқан полицейлерге рақымшылық жасалмайды1500 адамға рақымшылық жасаладыБұл – бір реттік мейірімділік

Азаптауға қатысқан полицейлерге рақымшылық жасалмайды

Рақымшылық туралы Заң күшіне енгеннен кейін айыпталушы қылмыстық қудалау органдары мен сотқа өтініш береді. Онда ол кінәні мойындайды және оған рақымшылық жасауды сұрайды.

Бұған терроризм, экстремизм, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасағандар мен рецидивистерден басқа, ауырлығы аз және ауырлығы орташа теріс қылықтар жасаған адамдар ілінеді.

Ал азаптауға байланысты қылмыс жасаған адамдарға, оның ішінде полицейлерге рақымшылық жасалмайды. Рақымшылыққа іліккен адамдардың тізімі дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүреді.

1500 адамға рақымшылық жасалады

Президент Жолдауында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты «Рақымшылық жасау» туралы тапсырма берген еді. Осы жолдаудың аясында Мәжілістің жалпы отырысында аталған заң жобасын қабылдадық. Бұл бастаманы көтерген – Парламент депутаттары.

Қазір бұл жоба «Заңнама және сот-құқықтық реформа» комитетіне түсті. Оны талқылау мен оның төңірегіндегі процедураларды атқару үшін жұмысшы тобы құрылады. Енді аталған комитет осы жылдың аяғы, яғни 14 желтоқсанға дейін қорытындыны әзірлеп тапсыруы керек.

Тергеу орындарында жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 1 600 адам анықталып, жауапқа тартылған. Оның ішінде, 351 адам сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларына тартылып, 546 іс сотқа жолданды, 1069 адам сотталды. Ал оның 112-сіне жеке бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған.

Алдын ала айтылған болжамдар бойынша, осы рақымшылық жасау заң жобасы болашақта қолданысқа енген жағдайда 1500 адамға қатысты рақымшылық жасалады деп күтілуде. Оның барлығы Мәжіліс қабырғасында қаралады.

Сондай-ақ рақымшылық жасалмайтын топтар да бар. Олар – террористік, экстремистік қылмыстар, азаптаулар мен мемлекетке опасыздық жасаған, сыбайлас жемқорлыққа жол берген азаматтар.

Қолымызда бар деректер бойынша осы Қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздіктерге қатысты Қылмыстық кодекстің 54-бабы бойынша рақымшылық жасау шаралары жүзеге аспақ.

Бұл – бір реттік мейірімділік

Рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірлеудің негізі  – Президенттің Жолдауы. Ал екінші құжат – 13 қыркүйектегі №1008 жарлығымен бекітілген биылғы Жолдауды іске асыруға бағытталған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 99-тармағы.

 Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Ал билікті күшпен басып алмақ болғандарға бұл шара қолданылмайды,

деген еді Президент.

Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет Қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетеді.

Аталған заң жобасы – қоғам мен мемлекет тарапынан жасалатын бір реттік мейірімділік пен ізгілік актісі. Сонымен қатар ол қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты қоғамдық келісімді сақтау мақсатында қабылданып отыр.

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Сая Манарбековна 18.10.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?