Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Қаңтар оқиғасы: Әуежайға асыққан Дариға Назарбаева шешесін ұмытып кеткен…
Саясат

Қаңтар оқиғасы: Әуежайға асыққан Дариға Назарбаева шешесін ұмытып кеткен…

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 30.01.2023
Обновлено 30.01.2023 в 10:01
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қаңтар қырғынында Назарбаев әулеті қайда бас сауғалады? Экс-президенттің Бішкекті бетке алып, әрі қарай Дубайға ұшқаны рас па?

Тоқаевты тобықтан қағып, «екі жеп, биге шыққысы» келген Дариға қайда жүрді?

Назарбаевтың шылбырына оралып, шашбауын көтерген жақын серіктері қайда болды?

Dalainside осы турасында ой өрбітіп, бірқатар қызықты тезистерді ортаға салған танымал саясаткер Жақсыбек Құлекеевтың кітабына қайта үңілді.

Қаңтардың қарсаңында экс-президент Германияда ота жасатқан «сантехник» інісі Болаттың көңілі сұрау үшін Шамалғанға келген.

Жағдай ушыққан тұста Назарбаев пен кейбір әулет өкілдері  брондалған көлікпен қырғыз шекарасын кесіп өткен. Қырғыз жеріне табаны тигесін, қауіп бұлты сейіліп, Назарбаев кланы сол арадан әуежайға жеткізілген, әрі қарай Дубай қайдасың деп Араб жеріне тартып отырған.

Құлекеевтің айтуынша Әлия әуелден-ақ Араб әмірлігінде болған. Бұған оның кейіннен өшіріп тастаған әлеуметтік желідегі аккаунты дәлел.

Сервис Әлияның орналасқан жерін автоматты түрде Араб әмірлігі деп анықтады. Жария тұлғаның аккаунты көкпен белгіленсе, мұндай анықтама қойылады,

дейді ол.

Қаңтар кезінде Назарбаевтың басқан кешкендерін көзі қарақты қауым шет-шағалай біледі. Ал экс-президенттің тұла бойы тұңғышы Дариғаның Алматыдан шыға алмай, соры қайнағанын біреу білсе, біреу білмес.

Құлекеев бұл орайда келесідей инсайдпен бөліскен екен.

Біраз басқа оқиғалар болған. Маған экс-президенттің үлкен қызының ұмытшақтығы туралы айтты. Қаңтардың қарсаңында Дариға Назарбаева Жаңа жылды тойлаудың қызығына кіргені соншалық, оны Алматыдан тез арада қауіпсіз жерге кету туралы көндірген соң, ол Науаи көшесіндегі резиденциядан анасы Сара Назарбаеваны өзімен бірге алып кетуді ұмытып кеткен…

Dalainside назар аударған тағы бір жайт Құлекеев кітапта Сара апамызды Назарбаевтың бірінші әйелі деп жазады. Бұған тоқталып жатқанды жөн көрмедік, бұл жағы көпшілікке таңсық емес деп топшыладық.

(Дариға) Шешесін үйде қалдырып кеткені еске түскенде, қалада бүлік басталып, эвакуациялауда қиындық туындаған. Мемкүзеттің қызметкерлері Сара Назарбаеваға бронды машинаның күзетімен төрт көлік жіберуге мәжбүр болған. Тек осылай ғана бұрынғы бірінші ханымның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды

дейді Құлекеев.

Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады, кейбір күзетшілер халықтың қаһарынан қорқып, Сара апамыз отырған кортежді тастап кеткен. Қол созым жердегі Алматы әуежайына жету мұң болған…

Салдарынан бронды көлік «Оңтүстік қақпа» бақылау — өткізу бекетінің маңындағы қоршауды бұзып өтуге мәжбүр болған. Осыдан кейін ғана VIP жеке ұшақтың бортына жеткізілген,

дейді саясаткер.

Құлекеевтың айтуынша Қаңтарда Назарбаевтың өзге туыстары мен серіктері де солқылдақтық танытқан. Мәселен, экс-президенттің немере інісі Ахметжан Есімовтың зәре-құты қашқаны сонша бір топ нөкерімен Медеу мұз айдынын бөктерлеп, «Шымбұлақ» шипажайына жасырынған.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 30.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?