Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Қаңтар оқиғасын халықаралық дәрежеде зерттеуіміз қажет – Еуропарламент
Басты жаңалықтарҚоғам

Қаңтар оқиғасын халықаралық дәрежеде зерттеуіміз қажет – Еуропарламент

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 27.10.2022
Обновлено 27.10.2022 в 05:10
Поделиться
Поделиться

Еуродепутаттар Қазақстандағы адам құқығы ахуалын жіті қадағалап отыр.

Австрия халықтық партия мүшесі Кристиан Сагарц 26 қазанда Еуропарламенттің шағын комитеті отырысында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлады.

Біз әрдайым ашықпыз, осы жолда көмектесуге дайынбыз. Бірақ Қазақстандағы адам құқығы ахуалын жіті қадағалап отырмыз,

деді Астанадан келген өкілдерге қайырылған Сагарц.

Тыңдау еуродепутаттар делегациясының Қазақстанға сапарынан кейін бірнеше апта өткен кезде болып отыр. Еуропарламент сайтында отырыстан трансляция жүргізілді.

Еуродепутаттар Қаңтар оқиғасын халықаралық зерттеу қажеттігін тағы алға тартты.

Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөліміндегі қоғамдық кампания бағыты бойынша жетекші Филипп Дам Астана Қаңтардағы бейбіт азаматтарға оқ ату мен ұсталғандарды азаптау оқиғаларын объективті, ашық тергеу жүргізбегенін айтты. Оның айтуынша, Human Rights Watch 4-6 қаңтар аралығында қазақстандық күштік құрылымдарының кемінде төрт жағдайда «артық күш қолданғанын» (тікелей қатер төндірмесе де азаматтарға оқ ату) анықтаған. Осы төрт оқиғада кемінде он адамға оқ атылған. Бұл жаппай күш қолданудың шағын бір бөлігі ғана деді Дам.

Қазақстан билігі Қаңтарда болған адам құқығын бұзу оқиғаларын тергеп жатырмыз деп бірнеше рет мәлімдегенмен әлі тәуелсіз зерттеу жүргізген жоқ,

деді Дам.

Оның айтуынша, Астана күштік құрылымдардың «артық күш қолдану» фактілері бойынша қылмыстық тергеулері жөнінде ақпарат бермеген. Әлі күнге дейін тәуелсіз тергеу механизмі құрылмаған. Құқық қорғау ұйымының өкілі билік Қаңтарда қаза болғандар жөнінде толық ақпарат жарияламағанын, азаптау істері бойынша бірде-бір күштік құрылым өкілі жауапқа тартылмағанын атап өтті. Түрмеде әлі күнге дейін саяси тұтқындар жатыр.

Депутаттар сонымен бірге билік жариялаған амнистия адамдарға оқ атқандарды жауаптан жалтаруға жағдай жасайды, ал амнистияға қамаудағы белсенділер ілінбеуі мүмкін деді.

Кейбір жағдайда билік Қаңтар оқиғасын саяси оппозицияны «қудалаудың құралы» ретінде пайдаланған, олардың жаппай тәртіпсіздікке қатысы барына дәлел де келтірмегені айтылды.

«Ресей мен Беларусьтегіге ұқсас әдіс-тәсілдер қолданылды» деді жиынға онлайн қатысқан қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Оның айтуынша, Қазақстан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев тұсында қалыптасқан авторитарлы постсоветтік режимде әлі тұрып жатыр.

Еуропарламент отырысында қамауда отырған тіркелмеген «Демпартия» жетекшісі Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай да сөйледі. Ол жуырда халықаралық қысымның арқасында күйеуіне тағылған айыптардың бірі жеңілдетілгенін айтты.

 • Қаңтар басында бүкіл елді қамтыған наразылық кезінде күштік құрылымдар бейбіт наразыларды күшпен таратып, Алматыда оқиға соңы тәртіпсіздікке ұласты, әкімшілік ғимараттар өртеніп, бизнес нысандары тоналды. Ресми мәлімет бойынша, оқиғадан кемінде 238 адам қаза болды, алтауы ұсталғаннан кейін азаптаудан көз жұмған.

 • Құқық қорғаушылар жеті айдан кейін билік жариялаған Қаңтар құрбандарының тізімі «толық емес» екенін айтты. Онда құрбандардың толық аты-жөні, жасы, жынысы, азаматтығы, өлімі жөнінде жай-жапсар ақпарат жоқ. Халықаралық және қазақстандық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін Қаңтар оқиғасын халықаралық дәрежеде зерттеуге үндеген. Ақорда «бұған қажеттілік жоқ» деп мәлімдеген.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 27.10.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?