Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген Алматы әкімдігінде жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Әкімдік әлеуметтік желідегі парақшасында ғимараттың қазіргі жай-күйінің видеосын бөлісті.
Видео дрон арқылы түсірілген. Қала әкімдігінің хабарлауынша, ғимарат 2023 жылдың екінші тоқсанында толық қалпына келтіріледі.