Categories: Қоғам

Қаңтар қырғыны: экс-қорғаныс министрі Бектанов заңсыз бұйрық берген

Қаңтар қырғыны кезінде экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық берген. Бұл туралы мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде көрінеу заңсыз бұйрық берген және стратегиялық объектілерді әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған,

деді бас прокурор.

Бас прокурордың сөзінше, тәртіпсіздікке қатысушылар, әсіресе Алматыдағылар саны жағынан басым болған. Олар қоршауды бұзған, полиция мен Ұлттық ұлан күштерін басып, халыққа зорлық-зомбылық жасаған. Соның салдарынан қылмыскерлердің қолынан көптеген адам қаза болып, қалалар тоналып, өртелген.

Бектанов ұрыс жағдайында жасалған билікті асыра пайдалану бойынша айыпталып жатыр (ҚК-нің 451-бабының 3-бөлігі). Сот оның іс-әрекеттеріне түпкілікті баға береді және оның жазасын анықтайд,

деді Берік Асылов.

19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қызметтегі әрекетсіздік фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 452-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 20 ақпанда Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

1 неделя ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago