Ақтау-Ақшұқыр тас жолындағы апат сәтін бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Видеодан ZAZ Chance автокөлігінің қарсы жолға бұрылып, келе жатқан King long автобусының дөңгелектерінің астына түскенін көруге болады (мұнда).
Қайғылы оқиға 9 қаңтарда болған. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеп Lada.kz хабарлады.
Маңғыстау облысы полиция департаменті қазіргі уақытта жолдың тайғақ екенін, азаматтарға сақ болуды ескертті.