Үстіне диван құлаған 39 жастағы ер адамсал болып қалған, мойын омыртқасы сынған, қолы мен аяқтары да қозғалмайды.
Сұмдық жағдай 12 қаңтарда Ақтауда болған. Жайбарақат кетіп бара жатқан адамның үстіне 6-қабаттан диван құлап кеткен.
Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр.
Онда көпбалалы отбасы, 11 бала тұрады дейді. Оқиға кезінде галереяда 12-13 жас аралығындағы жасөспірім көрінді. Олардың айтуынша, ата-аналар үйде болмаған. Біз диванды тастаған сәтті көрген куәгерлерді іздейміз.
дейді жәбірленушінің ағасы.
Полиция тергеу жүргізуді бастады, дегенмен әлі ешқандай ақпарат бөліспеді.