Ақтауда жаттықтырушы 5 жасар қызды зорлап келген

Бұл туралы кішкентай қыздың туысқан әпкесі «НеМолчи.Kz» қорына мәлімдеген, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Қор өкілдерінің айтуынша, сенім телефонына хабарласқан бойжеткен 5 жасар жиенін жаттығу кезінде жаттықтырушы бірнеше рет зорлап, азғындық жасағанын жеткізген.
Белгілі болғандай, анасы қызының әлденеге ұшырағанын түсініп, анықтап сұрағанда, бала каратеден жаттықтырып жүрген 19 жастағы ер адамның әрекеті туралы бар шындықты айтып берген.

Жаттықтырушы қыз балаға ата-анасына ештеңе айтпауды бұйырып, бұл екеуінің өзара құпиясы екенін айтқан. Сөйтіп, кішкентай қыз бапкердің айтқанын орындап жүрген. Бала орталыққа 2021 жылдың қыркүйегінен бастап барады, ата-анасы оны соңғы 3-4 айдан бері зорлыққа ұшырап келген деп есептейді,

деп жазады қор белсенділері.

Айта кетерлігі, күдікке ілінген жігіт 18 жасында Ашихара-каратеден әлем чемпионы болған, ал 2021 жылдың қыркүйегінде балаларды жаттықтыра бастаған. Ол қысқа уақыт ішінде балалар мен ата-аналардың сеніміне кіріп, өзін жағымды адам ретінде көрсете білген.

Әдетте сабақ кезінде ата-аналар балаларын залдың сыртында күтіп отырады. Сол жолы қыздың анасы мен тағы бір ата-ана сәл ертерек келіп қалып, жаттықтырушының жоқ екенін, ал балалардың жүгіріп, залда ойнап жүргенін байқайды. Артынша бапкер бейнекамера орнатылмаған киім ауыстыратын бөлмеден шығады, оның соңынан қыз бала шыққан. Кішкентай қыздың терлеп, шашы ұйпа-тұйпа болып қалғаны, киімі де дұрыс киілмегені көрініп тұрған. Анасы қызынан жаттықтырушымен не үшін киім ауыстыратын бөлмеде жүргенін сұрағанда, қызы «бұл құпия» деп жауап берген. Жаттықтырушы бұл жайтқа қатысты қыздың жарысқа қатысқысы келіп жылағанын, ал өзінің оны жұбатқанын айтқан,

дейді қор өкілі.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта баламен психолог жұмыс істеп жатыр.

Бала әлі де тексеруді қажет етеді. Бұл оқиға қатты ауыр тигендіктен, жас ана көз жасын тоқтата алар емес. Ана да көмекке қатты зәру,

дейді қор өкілі.

Аталған жайтқа байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдіріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Ақтау қалалық полиция бөліміне арызданған әйел кішкентай қызына қатысты азғындық әрекеттер жасаған азаматқа шара қолдануды сұрады. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді,

деп хабарлады облыстық ДП.

Ведомство мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін қалған мәліметтер жарияланбайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Путин Иран президентін жерлеу рәсіміне бармайды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Иран президентін жерлеу рәсіміне баратын жоспары жоқ…

4 часа ago

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

Эстрада әншісі Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова «Инстаграм» парақшасында өгей анасы туралы әңгіме қозғады.…

4 часа ago

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

Кинематография әлеміндегі ең танымал қазақ көрші елде өте керемет жобаларды жүзеге асырып отыр, ал президент…

8 часов ago

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

1 день ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

1 день ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

1 день ago