Бір суреттің құпиясы. Экс-саясаткерлердің басқосуы Желіні дүрліктіріп қойды

Сейсенбі күні әлеуметтік желілерде бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, Қазақстан Парламенті мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматуллин және президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбековтың бас қосып, мейрамханалардың бірінде отырған суреті пайда болды. Суреттің тосыннан түсірілгені әлеуметтік желі қолданушыларына түрлі болжамдар жасауына түрткі болды.

Тегін емес

Қаңтар оқиғасынан кейін биліктен кеткен бірқатар экс-шенеуніктер бас біріктіре бастаған сияқты. Бұл кісілердің шұғыл бір жерде бас қосуы да тегін емес, деп жазды Facebook парақшасына саясаттанушы Самат Нұртаза

Оның айтуынша, бұл сурет “Lugano” ресторанында бірнеше күн бұрын түсірілген және бас қосуы да бекер емес. Саясаттанушының болжауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы сөзі бұл кісілердің жанды жерлеріне тиді. Жақын болашақта шетелде жүрген оппозиция мен “Ескі Қазақстанның” кадрлары бас қосуы да ықтимал.

Билікке жету жолында принцип жоқ. Құрбандыққа 10, 100, 1000 адамның өмірін шалу — оп-оңай. Қоғам соны ұғып, түсінсе деймін. Популисттерге ақша құйып сайратып қою — бұл кісілерге проблема емес,

дейді ол және билікті оңай бере салуға төзуі қиын дегенді айтады.

Қанды Қаңтардың қаны аз болғандай, мойындарында қарапайым халықтың көз жасын арқаласа да, бұл тіршілік иелерінде қанағат пен тоқтау жоқ тәрізді. “Қарны жуан байлардан дәулет кетпес демеңіз” дегендей, бұлар да өздерінің дәуірі аяқталғанын мойындағысы келмейтін сияқты. Бірақ Жаңа Қазақстан өз мақсатына жетіп жатыр, жоспарлар іске асып жатыр әрі болашақта асады да … тек сырттан лаңдататындар кедергі жасамаса,

деп қорытындылады сөзін саясаттанушы.

Әдейі «лақтырылған» сурет

Блогер Аршат Ораз суретті Василий Перовтың «Охотники на превале» картинасымен салыстырды. Әрі мағынасын тәпсірлей отыра бүгінгі экс-басшылардың басқосу арасында бір гәп бар деп болжады.

Егде жастағы бұрынғы дворян аңшы ертедегі аңшылық «ерліктерін» айтып отыр. Ортада жатқан орта жастағы қарапайым киінген кісі бұған миығынан күліп, сенбей отыр. Ал мұмтаздай киінген жас аңшы жігіт беріліп тыңдап отыр, тіпті дайындап қойған темекісін әлі тұтатпаған.

Жалпы үш түрлі адамның психологиялық портретін көрсеткен.

Ал, бүгінгі хит фотодағы үшеу өтірік әңгіме айтып отыр ма? Ондай паралелль жүргізе алмаймыз.

Маған сол фотоның шығуы қызық. Бұл үшеуі қаласа ресторанды толық жауып тастап, сөйлесе алады. Немесе кез келген жерде кабинка бар ғой? Тіпті осылай отырғанның өзінде қасындағы күзетшілері, көмекшілері ешкімге фото түсірткізбеуі керек еді. Демек, әдейі лақтырылған сурет. Алдағы ойында біз де бармыз деген месседж болуы мүмкін…

деп жазды блогер.

Журналист Бауыржан Карипов бұл сурет бұрын түсірілген деп болжады. Себебі бұл дөкей адамдардың қазір Қазақстанда жүруі мүмкін емес.

«Астанадағы Лугано мейрамханасы.

Желіде тарап жатқан сурет архив болуы мүмкін.

Нығматуллин мен Жақсыбеков Қазақстанда жүр дегенге сенуге бола ма? Меніңше, жоқ»

деп жазды журналист.

Ешқандай құпиясы жоқ

Алайда көп ұзамай Асқар Мамин экс-әріптестерімен түскен суреті туралы мән жайды өзі-ақ айтып берді.

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, Асқар Мамин сурет шын екенін және ол Нұр-Сұлтанда түсірілгенін растады. Айтуынша, ол Нұрлан Нығматуллин және Әділбек Жақсыбековпен өткен жексенбіде (4 қыркүйек) Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарының қазақтың салт-дәстүріне сай («Сырға салу») шарасында кездескен.

Сурет туралы кейбір БАҚ-та айтылған болжамдарды орынсыз және арандату деп санаймын. Еліміз қазір дамудың, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұр. Осыған орай, осындай шешуші кезеңде мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, арандатушылар мен деструктив мақсаттағы адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеу керек деп есептеймін,

деп түйіндеді сөзін Мамин.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago