Фото: aikyn.kz
Өткен демалыс күні Еңбекші АПБ-ға кісі өлімі туралы хабарлама түскен. Шақырту бойынша жедел тергеу тобымен бірге Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасарлары Серік Ергешов пен Арман Бейсенбаев және аудан прокурорлары да оқиға орнына барды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полицейлер үйдің ауласынан зорлық белгілері бар ер адамның мәйітін тапқан. Отбасылық жанжал кезінде ағасы інісінің кеуде тұсынан асүй пышағымен ұрып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Полиция департаментінің бас жедел уәкілі Арман Бейсенбаевтың нұсқауымен криминалдық полицияның жедел уәкілі Құттыбек Оңалбеков пен кинолог Мейіржан Қасымбеков қызметтік итті ертіп, үй маңында орналасқан теміржол жақтан күдіктіні іздеуге шықты. Полиция иті Грей бірден ізді анықтап, тәртіп сақшыларын киімін ауыстырып үлгерген күдіктіге алып барған.
Күдіктіні қамауға алды. Ағайындылар арасындағы жанжал марқұмның бауырына есірткіні қолдануды тоқтату керек деген ақылынан басталғаны белгілі болған.
ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…