Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында орман өрттері салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіледі, жеп жазған Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көз жұмған 15 адамның отбасыларына пәтер кілті табысталды.
Сондай-ақ алдағы уақытта опат болған азаматтардың несиесін кешіру үшін талдау жасалып жатыр екен. Ал 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілтін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев беріпті.
Өртте зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз,
деп атап өтті Ұранхаев.

