Абай облысында жас жігіт 12 жыл еңбек құлдығында болған

Абай облысының полицейлері құлдықта жүрген мүгедектігі бар адамды құтқарды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Облыс полицейлері адам еңбегін қанау фактісін анықтаған. Өзіне бекітілген аумақты тексеру барысында тұрғындарымен үнемі байланыста жүретін Жарма ауданы Шар қаласы ПБ полиция қызметкеріне аумағындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы қоңырау шалып, жаңа жұмысшы жалдағанын хабарлаған. Шаруа қожалығына келген полицей жұмысқа жаңадан кіріскен жалдамалының құжаттарының жоқтығын анықтаған,

Бір шикіліктің барын сезген тәртіп сақшысының бойын күдік ұялаған соң, иесі жәбірленушінің қасынан кеткен кезде оның тегін біліп алған. Одан әрі полиция қызметкері жәбірленушінің әпкесін анықтады.

Белгілі болғандай, ол бауырымен 2010 жылдан бері байланыс үзген. Ер адам Жарма ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Ол онда жұмыс істеген. Тергеу барысында 2010 жылдың қараша айынан бастап 26 жастағы ер адамның 11 шаруа қожалығында құлдықта болғаны анықталды.

Бұған дейін бірнеше рет сотталған 54 жастағы Семей тұрғыны 26 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғынымен Тұғыл ауылына балық аулауға барғанда танысқаны мәлім болды. Физикалық тұрғыдан жетілген жас жігіттің психикалық ауытқуын байқаған ол жігітті шаруашылықта жұмыс күші ретінде пайдалану туралы ойға келген.

Жәбірленушіні 12 жылдан астам уақыт бойы Семей қаласы, Абай, Ұлан және Жарма аудандарындағы шаруа қожалықтарында жұмыс істеу үшін сатқан. 54 жастағы азамат шаруа қожалық иелеріне өзін жігіттің туысымын деп таныстырған. Олардан алдын ала жалақысын алып, қалтасына басып отырған. Жәбірленушінің жылдар бойы еңбегіне берілген ақы 2 млн теңгені құраған. Сонымен қатар қаскөй мүгедектігі бар адамның ай сайынғы зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік төлемдерін жымқырып отырған.

Залалдың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта жәбірленуші туыстарына табысталды, ал күдікті Жарма ауданының аудандық сотымен 128-бабының 2-бөлігі 2, 8, 11, 12-бөлектері (Адам саудасы) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-тармағының 3-бөлігі  (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен қауіпсіздігі орташада колонияда 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,

деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

9 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

17 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

17 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago