Categories: Галерея

Бүгінде оларды бірге елестету қиын. Махаббаттары ұзаққа созылмаған жұлдыздар

Танымал адамдардың жеке өмірі әрдайым ел назарында. Әсіресе жұптары жараспай ажырасып кететіндерді халық қатты сынға алады. Дегенмен, өмір болғандықтан, мінездің жараспауы, ауызбіршіліктің болмауы салдарынан танымал адамдар да ажырасады, тіпті кейде жиі ажырасады. Бұл жұптарды бүгінде бірге елестету қиын. Алайда бір кездері әрқайсы бақытты отбасын құруға ниетті еді.

Нұрлан Албан мен Назира Бердалы

Нұрлан Албан мен ақын Назира Бердалының жұбына көпшілік сүйсіне қарады. Алайда аз ғана уақыт бірге тұрған соң өнер адамдары мінездері үйлеспегендіктен екі жаққа кеткен.

«Өзіміз шешім қабылдап, отбасын құрдық, тағы өзіміз шештік, екі әлем болып қалдық», – деп түсіндірді Нұрлан Албан ажырасуларын. Айтуынша, Назира екеуі бірге тұра алмайтынын түсінген соң, саналы түрде екі жаққа кеткен. Араларында ұрыс-керіс болмаған. Үлкендер де жастардың шешіміне түсіністікпен қарапты. Бүгінде Назира да, Нұрлан да екінші рет отбасылы. Назира Бердалы отбасымен АҚШ-та тұрып жатыр.

Айдар Тұрғанбек пен Раушан Әріп

«Жігіттер» тобының солисі Айдар Тұрғанбек пен тележүргізуші Раушан Әріп жиырмадан енді асқан шақтарында бас қосқан. Сондықтан да болар отбасын сақтап қалуға даналықтары жете қоймады, көп ұзамай ажырасып кетті. Миллион қыз Айдардың үйленгенін қаламаса да, жұпқа бақыт тілеген еді, сондықтан ажырасқаны туралы жаңалықты да көпке дейін қабылдай алмады. Жұптың Нұржаннат есімді ортақ қыздары бар. Биыл ол 11 жасқа толды. Айдар Тұрғанбек биыл берген сұхбатында Раушан деген адамды танымайтынын айтқан.

Кім алғашқы жарым? Кім ол Раушан деген? Танымайды екенмін. Бұл мәселелерді біз қазір мүлдем қозғамаймыз. Ол кісінің өз отбасы бар. Сол себепті, бұл мәселені сызып тастай салайық. Ортамызда қызымыз бар. Қызыммен жақсы араласамын. Жақында 11-ге толады. Ол – менің ұрпағым. Араласып, хат жазысып, көмектесіп тұрамын. Видеоларыммен бөлісемін. Ол Алматыға келеді. Қолымнан келгенше жақсылық жасауға тырысамын. Алла нәсіп етсе, бәрі жақсы болады. Өткен өмірім туралы айтқым келмейді. Себебі, оның өз отбасы бар. Менің өз отбасым бар. Сондықтан ол айтатын нәрсе емес,

деп қайырды ол.

Асхат Садырбай мен Ерке Есмахан

Тележүргізуші Асхат Садырбай мен әнші Ерке Есмахан 2011 жылы некелерін заңдастырып, отбасын құрған. Ол кездері Ерке Есмахан Баян Мақсатқызының “Іңкәр” тобында ән салатын. Жұп кездесе бастағаннан кейін бір айдан кейін Асхат Еркеге үйленуге ұсыныс жасаған. Тойлары дүркіреп өткеннен кейін көп ұзамай екеуінің ажырасқаны белгілі болды. Екі жұптың Мүслім атты ұлдары бар.

Асхат ажырасқан кезімізде бар сыйлығын түгендеп алып қалды. Сырға, сақина  менде оның ешқандай заты қалмады. Мінезі сондай. Менен кейін бір үйленіп ажырасты. Сол кезде қайта қосылуға да келген. Мен ештеңе шықпайтынын түсініп келіспедім. Енді оған “майдалықты” қою керек деп кеңес беремін. Ер мінезді, ірі болса осы отбасы сақталады деп ойлаймын,

дейді Ерке Есмахан “Сырласу” бағдарламасына берген сұхбатында.

Жандос Айбасов пен Айсұлу Әзімбаева

Жандос Айбасов пен Айсұлу Әзімбаева қазақстандық шоу бизнестің ең жарасымды жұптарының бірі болған. Сол себепті олардың айрылысқанын жанкүйерлер ауыр қабылдады. Тіпті ұзаққа дейін қайта қосылатынынан үмітті болды.

Жандос Айбасов сұхбаттарының бірінде араларында түсінбестік орнағанын және өкінетінін айтты. “Біз әрі қарай қарым-қатынасымыздың дұрыс өрбімейтінін түсіндік. Өкінішті. Себебі, бізді көп нәрсе байланыстырған еді”, – деді ол. Кейін Айбасов суретші Марина Карпыковамен бас қосты. Ал Әзімбаева әлі тұрмысқа шыққан жоқ.

Бибігүл Ақтан мен Шерәлі

Екі өнер жұлдызы “Артық әңгімесіз” атты телехикаяда ғашықтардың рөлін сомдаған болатын. Осыдан кейін көңіл жарастырып, шетелде бірге демалды. Жалпы халықтан жұп екендерін жасырмады. Алайда уақыт өте келе жұлдызды жұп айырылысу туралы шешім қабылдаған.

Актрисы биыл өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Ал Шерәлі көптен бері көгілдір экраннан көрінбей кетті.

Иван Бреусов пен Ділназ Ахмадиева

Екі мыңыншы жылдардың басында эстраданың екі жарық жұлдызы жұп болып, көңіл жарастырды. Қарым-қатынастары 4 жылға созылып, тіпті үйленуді де ойлаған. Алайда біраз уақыт өткен соң мінездері жараспағандықтан айырылысқан. “Иә, Иван екеуіміз айырылыстық. Алайда осы күнге дейін жақсы дос болып сырласамыз” дейді Ділназ Ахмадиева сұхбаттарының бірінде. Иван Бреусов те, Ділназ Ахмадиева да қазірде отбасылы.

Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева

Екі өнер жұлдызының ажырасуы әлі күнге дейін ел аузында. Бұған олардың жеке өмірі туралы жиі айтатыны да себеп. Бір кездері әкесімен араласпаған ортақ ұлдары Асылжан Әбдімүтәлиев есейген соң онымен қарым-қатынасын нығайтып, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы деректі фильм де түсіріп тастады. Бүгінде Сәбит бұрынғы әйелдері Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаевамен етене араласпаса да, екі әйелінен туған балаларымен жақсы қарым-қатынаста. Үшінші некеде Сәбит Әбдіхалықовтың екі ұлы бар.

Сиви Махмуди мен Алмас Кішкенбаев

Биыл Сиви Махмуди Instagram парақшасында оқырмандар сауалына жауап беріп жатып, бірінші жүрген жігіті Алмас Кішкенбаев болғанын айтып, каминг-аут жасады. Сөзінше, 15-16 жасында ол Алмас Кішкенбаевпен кездескен екен.

Сенсация болсын. 15-16 жасымда жүрген бірінші жігітім, алғашқы махаббатым — Алмас Кішкенбаев. Бірінші рет айтып тұрмын. Қазір ол — жан досым. Бізде бала махаббат болды. Ол 18-де, мен 15-16 жаста едім. Қазір күліп еске аламыз,

деп жазды Сиви Махмуди.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 часа ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

1 день ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago