Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Адамға балық емес, қармақ беру керек
Қоғам

Адамға балық емес, қармақ беру керек

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 07.12.2023
Обновлено 07.12.2023 в 01:12
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қайырымдылық брендке айналады. «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты.

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымдылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы саладағы сарапшы, журналист Бибігүл Құламанның пікірінше, бұл жоба қазақстандықтардың қайырымдылық жасау мәдениетін арттырып, қоғамға пайдасын тигізетін бастама.

Қазақстанда «Тиімді қайырымдылық» жобасының жүзеге асқанын естідім, хабарым бар. Меніңше, бұл өте маңызды әрі қоғамға керек жоба. Үкіметтік емес ұйымдар қоғамның бір үлкен тірегі ретінде, тетігі ретінде өз істерімен азаматтарға үлгі бола білу керек,

дейді жобаға қатысты пікірін білдірген Бибігүл Құламан.

Оның айтуынша, қазір қайырымдылық жасаудың әртүрлі жолдары бар және қайырымдылыққа мұқтаж адамдарды бірнеше санатқа бөліп қарастыруға болады. Мәселен, Бибігүл Құламан атап өткендей, қайырымдылық тұрмыстық жағдайға, оқу-білімге, денсаулыққа, адамның жеке басына қатысты қайырымдылық болуы мүмкін. Тиісінше, мұқтаж адамдарды да әртүрлі санатқа бөліп қарастыру керек.

Мәселен, ерекше балалары бар ата-аналарды алып қарайық. Олар ешкімге алақан жайып, «дайын» дүние сұрамайды, тек, өз бастамаларын, ойларын жүзеге асырып, табыс тапқысы келеді. Тегін дүниеге ұмтылмайды. Міне, бұндай ата-аналарға заңды органдармен жұмыс істеудің жолдарын көрсету, жобаларына презентация жасап беріп, құжаттарын реттеуге көмектесу де қайырымдылықтың бір түрі.

Адамға балық емес, қармақ беру керек. Яғни, қоғамдағы адам қаржы жағынан, эмоционалды жағынан, оқу-білім жағынан көмекке зәру болуы мүмкін. Осы бағытта көп азаматқа қол ұшын созып жүрген үкіметтік емес ұйымдар бар және ондай ұйымдарды көбейте беру керек. Яғни, үкіметтік емес  ұйымдардың осындай кішкентай қадамдары қоғамда іскер адамдардың пайда болуына әсер етіп келе жатыр,

дейді ол.

Жоғарыда атап өткеніміздей, «Тиімді қайырымдылық» жобасы Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымдылық ұйымын тарту арқылы осы жұмыстың аясын кеңейтуді көздейді. Жоба аясында жүргізілген нәтижелі жұмыстардың арқасында қайырымдылықты тиімді етудің тетіктері анықталып, жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық жасау деңгейі зерттелді.  Мәселен, осы жобаның аясында үкіметтік емес ұйым басшылары мен қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға арналған кеңес беру орталықтары пайда болды. Спикер осы және өзге де шаралардың арқасында Қазақстанда қайырымдылық жасауды брендке айналдыру керек деген ойын жеткізді.

Қазақстанда қайырымдылық ұйымдарының санын арттыру үшін дәл осындай бастамалардың, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына барынша қолдау таныту керек. Жалпы, менің жеке пікірім, елімізде қайырымдылықпен айналысуды брендке айналдыру керек,

дейді ол.

Айта кетейік, «Тиімді қайырымдылық» жобасын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырған.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 07.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?