Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Денсаулық > Адам «өтімді алдырып тастасам мәселем шешіледі» деп ойлайды — нутрициологпен сұхбат
Денсаулық

Адам «өтімді алдырып тастасам мәселем шешіледі» деп ойлайды — нутрициологпен сұхбат

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 29.09.2022
Обновлено 29.09.2022 в 02:09
Поделиться
Поделиться

Тамақтану адам ағзасына күш-қуат бергенімен, кейде ағзаға зиянын да әкелуі мүмкін. Қанттың зияны, еттің пайдасы, аллерген тағамдар жайлы біліміміз қаншалықты жеткілікті? Бұл туралы біз 17 жылдық тәжірибесі бар нутрициолог, превентивті медицина дәрігері Ұлжалғас Смановадан сұрап көрдік.

— Өзіңді жақсы көру — өзіңді күтуден басталады дейді. Адам өзін күтуді неден бастау керек?

— Адам ең алдымен өзін жақсы көру керек. Өзін жақсы көру деген не? Мысалы, кез келген затты, көшеден көрген затты аузына салып жей бермеу. Тағамды өз уақытында қабылдау, жеткілікті мөлшерде су ішу, жеткілікті мөлшерде, өз уақытында ұйықтау. Жалпы өзін күтудің басты қағидасы осы.

— Ал дұрыс тамақтану дегеніміз не?

— Дұрыс тамақтануды бізде көбісі диета ұстау деп ойлайды. Дұрыс тамақтану дегеніміз күнделікті жеп жүрген асымызды реттеу. Яғни күнделікті асты қуырып жеп жүрген болсақ, енді қайнатылған, бұқтырылған түрінде қабылдауымызға болады. Сондай-ақ, күнделікті рационымызда қандай астар бар, соған мән беріп, зиянды тағамдарды алып тастауымыз керек. Суды көбірек ішу керекпіз. Сонымен қатар, тамақтану кезінде су ішпеу керек. Осының бәрі дұрыс тамақтануға жатады. Асты дұрыс шайнап жеу, тұрып жемеу – мұның бәрі қарапайым дүниелер сияқты болып көрінгенімен, көп адам осы қағидаларды сақтамайды.

— Тіршіліктің қамымен жүргенде кейде ыстық тамақ жасап жегеніңе рақмет айтасың. Сондай кезде не істеу керек?

— Ыстық тамаққа көбіне бойдақ ер азаматтар мен бойдақ қыздар мән бермейді, көшеден тамақтана салады немесе жеңіл-желпі бірдеңе жей салады. Бұл жерде адамның өз денсаулығына қаншалықты бей-жай қарамайтыныдығына байланысты. Ыстық тамақ жасау соншалықты қиын жұмыс емес. Күнделікті ұйқыдан жарты сағат ерте тұрып, тамақты ысытып, ыстықты сақтап тұратын контейнерге салып алса өзіне жақсы. Бұл жерде адамның денсаулығының қадірін біліп-білмеуіне байланысты. Көбі пирожки, не самса алып, кофе, не шаймен ішіп-жей салып, тамақтанған сияқты болып жүреді. Ал бұл адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Адам денсаулығының қадірін түсінуі керек. Дұрыс тамақтанудың адам ағзасына әкелетін пайдасын білу керек.

— Қазақтың ет тағамы қаншалықты ағзаға ауыр? Оны қаншалықты жиі жеу керек?

— Қазақтың ет тағамы ағзаға өте пайдалы. Алайда оның мөлшеріне, қандай ет жегеніне көп нәрсе байланысты. Жеңіл еттерге қойдың еті мен жылқы еті жатады. Оны өз мөлшерімен, дұрыстап шайнап жейтін болсақ пайдасы орасан зор. Ал егер етті жүйесіз жеп, қатты қуырып, күйдіріп жесек ағзамызға пайдасынан гөрі зияны басым.

Себебі, мысалы, кәуапта тотыққан және тотықпаған көмірқышқылы көп бөлінеді, сондай-ақ паразиттердің өлмеген жұмыртқалары қалуы мүмкін.

Сондықтан шала піскен ет ағзамызға қауіпті. Ет негізі күнделікті рационда болу керек. Себебі ет — ақуыз көзі. Ақуыз ағзамыздың құрылыс материалы. Яғни барлық жасушаға ақуыз қажет. Ақуыз болмаса жаңа клеткалар туындамайды, яғни энергиямыз жоғалады, жаңа зат алмасу процестері болмайды, токсиндер дұрыс сыртқа шықпайды. Ет жемегеннен, міне, осындай мәселелер туындайды.

— Қазір қалада аллергиктер көп. Неге аллергия біреуге әсер етіп, біреуге әсер етпейді? Аллергиядан арылу мүмкін бе?

— Дұрыс айтасыз. Шынымен қазір аллергиктер өте көп. Бұрындары аллергия тұқым қуалайтын ауру саналатын. Ал соңғы кездері маған «Менде аллергия пайда болды, шаршап кеттім, не істесем болады» деген сұрақ көп қоятын болды. Бұған көптеген фактор әсер етуі мүмкін. Бірінші кезекте, ағзамыздың детокс қызметін дұрыс атқармауы. Екіншіден, асқазан-ішек жолының дұрыс қызмет жасамауы. Үшіншіден, аллергенді тағамдарды өте көп жеу. Сондай-ақ, иммунитеттің әлсіреуі. Асқазан-ішек жолы қызметіне тоқталып кететін болсам, бұл жерде біздің рационымыз арқылы асқазан-ішек жолымыздың өте баяулап кетуі, ішекте «раздражение» көп болуы, қабынуы, сол себепті ағзамызға керек те, керек емес те заттардың барлығы түсіп, тітіркендіріп, осындай аллергияның туындауына себепкер болады. Ағзамызға аллерген заттар түскенде ағзамыз наразылық білдіріп, осылайша мұрыннан су ағу, жөтел, жалпы басымызды көтере алмай қалуымыз әбден мүмкін. Сондай-ақ генетикалық тұрғыда аллергияның берілуін жоққа шығармаймыз. Тұқымында аллергиктер болса онда ұрпағында да аллергия болу қаупі жоғары.

Иммундық немесе генетикалық тұрғыдан туындамаған болса аллергиядан арылуға болады. Аллергия туындатып жатқан себептердің барлығын жою керекпіз. Асқазан-ішек жолын емдеу, өттен болса өтті емдеу, одан кейін аллергендердің көзін жойып отыру керекпіз. Осы жерде кішігірім лайфхак айтып өтейін. Қазіргі уақытта аллергендердің көзі — түгі бар жануарлар (мысық, ит), москитная сетка, оны айына 2-3 рет жуып отыру керек, перделерді де жиі-жиі жуып отыру керек, терезенің алдын жиі-жиі шаңнан сүртіп отыру керек, күнделікті еденді сүртіп отырған дұрыс.

— Менің бірнеше танысым өтін алдырып тастаған. Неге өт алдыру оңай процедура сияқты көрінеді? Оның жағымсыз тұстары туралы неге кеңінен айтылмайды?

— Иә, қазіргі уақытта өтін алдырып тастаған адамдар өте көп. Бірақ өтті алып тастағанымен жағдай жақсармайды, керісінше бұл ағзаға кері әсер етеді. Шынымен, адам өтін алдырып тастасам барлық мәселе шешіледі деп ойлайды. Бұл уақытша, алдамшы сезім. Қысқа мерзімге адамның жағдайы жақсаруы мүмкін. Одан кейін бұл адамдар дұрыс тамақтанбайтын болса, өзін дұрыс күтпейтін болса баяғы күйіне қайта оралуы мүмкін. Өт болмаса да бауыр тұсымыз ауырады.

Өтті алдырып тастағаннан кейін бауырымыз қысқаша айтқанда «шокта» болады.

Өт жоқ, өт құйылатын жер жоқ, қайда барады біздің өтіміз? Өтіміз үнемі үздіксіз бауырдан бөлініп тұрғандықтан, ол тікелей он екі елі ішекке барып құйылады. Он екі елі ішек біздің өттің қапшығы емес, іші арнайы капсулалармен қоршалмаған, өттің қабырғасы өтті сақтауға, қышқылдығына төтеп беруге арналған арнайы мүше. Ал он екі елі ішек ол қарапайым шырышты қабат. Өтті сақтауға ол жерде арнайы ештеңе жоқ. Соның салдарынан он екі елі ішекке өт тамшылап отырады, салдарынан ол тітіркенеді, қабыну процесі басталуы мүмкін. Бұл әлбетте өте қауіпті. Сондықтан осының алдын алу үшін өт қапшығын барынша аман алып қалуға ат салысуымыз керек.

— Төрегелді Шарманов атамыз біз қанттың зиянын жеткілікті түрде түсініп жүрген жоқпыз дейді. Сіздіңше қалай? Қант қаншалықты ағзаға зиян?

— Иә, көп адам қантсыз шай іше алмайды. Қантсыз дастарханын елестете алмайды. Алдында қанттың бағасы көтерілгенде халық қалай шулағаны бәрінің есінде. Яғни адамдар қанттың адам ағзасына қаншалықты зиян екенін білмейді деген сөз. Жалпы қанттың гликемиялық индексі өте жоғары. Гликемиялық индекс дегеніміз не? Қантты суға ерітіп, қолыңызбен ұстап көрсеңіз қолыңызға сірне болып жабысып қалады. Қант жегенде біздің клеткаларда осындай процестер орын алады.

Жай ғана қан тамырында болатын процесті мысалға келтірейін. Қан тамырыңызда эритроцит, тромбоцит, моноцит, лейкоциттің барлығы біздің қан тамырымызда жүріп жатады. Бұлардың әрқайсы бөлек-бөлек қан тамырда жүру керек, бір-біріне жабыспаған күйі. Егер біз қантты өте көп жейтін болсақ біздің қанымызда бір-біріне моноцит, тромбоцит, эритроциттеріміз жабысып қалу қаупі бар. Бұл жабысқан кезде біздің ұсақ-ұсақ капиллярларымыз арқылы өту керек. Осы кезде қандай ақау туындауы мүмкін? Осы кезде тромб пайда болу қаупі артады. Олар бір-бірімен жабысқанда дұрыс қызмет атқармайды. Оттегін дұрыс тасымалдай алмайды. Әрбір клеткамыз өзінің атқаратын қызметін дұрыс атқара алмайды. Бұл түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Тәттімен ағзадағы зиянды бактериялар да тамақтанады. Олар тамақтанған сайын күшейеді, көбейеді, ағзаға орасан зор зиянын тигізеді. Сондықтан қантты рационнан барынша шектеген жөн.

— Қазір балалар арасында семіздік жайлаған. Мұны бақылайтын, зерттейтін ұйымдар бар ма? Сіздіңше мұның себебі неде?

— Қазіргі балалар көбіне уақытын телефон алдында, компьютер алдында өткізеді. Кейде тіпті 4-5 сағаттап отыратын балалар бар. Мұны өзіміз де көріп, бақылап жүрміз. Балалар мұның зиянын әлі білмейді, себебі бала. Балалар арасында семіздікті бағалап, зерттеп жүргендер бар ма, жоқ па, оны білмедім. Қазіргі таңда мұнымен балалар эндекрионологы айналысады. Семіздікке әкелетін бірден-бір себеп — дұрыс тамақтанбау. Телефонның алдында отырып тамақтану гигиенасын ұстанбауы, компьютер алдында отырып тез қорытылатын, қытырлақ тағамдарды жеуі. Бала ештеңеге алаңдамай, дұрыс сервировка жасалған дастарханның басында тамақ жейтін болса зат алмасу процестері әсте-әсте орнына келеді.

Дастархан әдемі жасалған болса, тамағымыз әдемі ұсынылған болса баланың тәбеті де ашылып, психологиялық тұрғыдан баланың ас қорыту жүйесі дайындалады, яғни тамақты қорытуға дайын тұрады.

— Әңгімеңізге рақмет!

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 29.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?