Categories: Оқиға

«Адамдар бізге қарай құлай бастады. Қатты қорықтық»: Сеулдегі трагедия туралы куәгерлер не айтты?

Сенбі күні кешке Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезіндегі кептелістен 154 адам қаза тауып, жүзден аса адам жарақат алды. Белгілі болғандай, қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматы да болған — Ақтөбе қаласының тумасы 26 жастағы Мадина Шерниязова Оңтүстік Корея университеттерінің бірінде магистратурада оқыған.

Жалпы адамдар қыспағынан жиырмадан астам шетелдіктің қайтыс болғаны айтылады. Барлығы 20-30 жас аралығындағы жастар. Оңтүстік Кореяның ұлттық өрт сөндіру бөлімінің өкілі Чой Чхон Сиктің айтуынша, қаза болғандардың көпшілігі 20 жастағы бойжеткендер.

Сеулдегі трагедияның жаңа егжей-тегжейлері анықталуда.

10 есе көп адам

АҚШ Қарулы күштерінің бұрынғы штабының жанындағы Итэвонға Хэллоуин мерекесін тойлауға шамамен 100 мың адам шыққан. Бұл аудан жастар жүретін ең танымал мекен, тәулік бойы клубтар, барлар мен мейрамханалар жұмыс істейді. Итэвон негізінен шығыстан батысқа қарай созылатын бір ұзын жол, ортасында метро станциясы бар және жоғарғы жағында Hamilton қонақ үйі орналасқан. Көптеген барлар мен клубтар негізгі жолға параллель жолдың бойында орналасқан және оларға тек бірнеше тар көшелер арқылы жетуге болады.

Оқиға туралы алғаш жергілікті уақыт бойынша сенбі күні сағат 22.15 шамасында белгілі болды. Кейбір жергілікті бұқаралық ақпарат құралдардың жазуы бойынша, біреу бардан атақты адамды байқап қалған, сөйтіп барлық адам солай қарай жылжи бастаған.

Өрт сөндіру бөлімінің өкілдері мен куәгерлердің айтуынша, адамдар кептеліс барын көрсе де, көшеге ағыла берген. Көлбеу көшенің басында тұрғандар төменде тұрғандарға қарай құлай бастаған.

Сөйтіп хаос орын алған. Жаншылған немесе тапталған адамдардың денелері жамылғылармен немесе киімдермен жабылған күйде тізіліп жатты, деп жазды Guardian.

«Ол жерде әдеттегіден кем дегенде 10 есе көп адам болды» — деп атап өтті 21 жастағы Мун Джу Ен Reuters агенттігіне. 2016 жылдан бері Оңтүстік Кореяда тұратын америкалық Джанель Стори ABC News-ке бұл аймақта, әсіресе Хэллоуинде, адамдар көп болатынын айтты. Бірақ бұл «басқа деңгей» болғанын жеткізді.

Оның айтуынша, досы екеуі сағат 22.30 шамасында көпшілікті видеоға түсіре бастаған.

«Дәл осы сәтте дүрбелең пайда болды, адамдар айқайлай бастады», — деді ол. — Біз қозғалмай тұрдық. Содан кейін адамдар бізге қарай құлай бастады. Мен видео түсіруді тоқтаттым, өйткені қатты қорықтым».

30 жастағы Чон Гаыль кептеліс кезінде барда ішімдік ішіп отырған, тіпті апат қарсаңында да өзін қауіпсіз сезінгенін айтты.

Итерісіп жүрген адамдар көп болды, мен де солардың ортасында қалып, шыға алмай қалдым. Соңы жаман болатынын ішім сезді,

дейді ол.

«Бұл жерде әрдайым адам көп болатын, бірақ бұған дейін мұндай жағдай болған емес», — деді 24 жастағы Джу Ен Поссамай, Итэвон ауданының бармені. — Мен Кореяда, әсіресе Итэвонда мұндай нәрсе болуы мүмкін деп ешқашан ойлаған емеспін».

Әлеуметтік желілердегі кадрлардан жолда сығылысып, жүздеген адам қозғала алмай тұрғанын көруге болады. Бір әйелдің айтуынша, оның қызы мен басқа адамдар бір сағаттан астам уақыт бойы солай тұрған.

Шоу жалғаса берді

Қайғылы оқиға орнына бүкіл елден 1700-ден астам құтқару қызметкерлері, оның ішінде 520-ға жуық өрт сөндірушілер, 1100 полиция қызметкерлері және 70 мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Ұлттық өрт сөндіру агенттігінің мәлімдемесінде Сеулдегі барлық құтқарушылар жұмылдырылғаны айтылған, деп хабарлайды NBC News. Жүздеген жедел жәрдем көліктері Итэвонға жақын орналасқан және көптеген зардап шеккендер жеткізілген Сонг Чун Хян университетінің ауруханасының алдына тізіліп тұрған.

Осындай көлемдегі қайғылы жағдайға қарамастан, Оңтүстік Корея астанасының кейбір тұрғындары Хэллоуин мерекесін тойлауды жалғастыра берген: әлеуметтік желілерде өтіп бара жатқан жедел жәрдем көліктерінің аясында кейбір жастар көңіл көтеріп жүргені туралы видеолар пайда болды. Полициямен қоршалған болса да барларда музыка ойнап тұра берген.

Жексенбі күні таңертең теледидардан сөйлеген сөзінде Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёль ұлттық аза тұту кезеңін жариялады. Сөзін аяқтағаннан кейін Юн Итэвондағы трагедия орнына келіп, кептеліс болған көшені қарап шықты. Журналистермен сөйлеспестен кетіп қалды.

Сарапшылардың пікірінше, Оңтүстік Корея тарихындағы ең үлкен қайғылы оқиғалардың бірі елдегі қоғамдық қауіпсіздік стандарттары туралы маңызды мәселеге назар аудартуға мәжбүрлейді. Ауқымы бойынша оны 304 адамның өмірін қиған «Сэволь» паромындағы трагедиямен салыстыруға болады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago