Categories: Қоғам

Адамдарды kolesa.kz арқылы алдаған алаяқ ұсталды

1993 жылы туған Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін ұсталды. Ол ғаламтор желісінде автокөлік сататын сайттарға (kolesa.kz) жалған жарнамалар жариялаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жарнамадағы көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан желі қолданушыларынан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған. Төлемді әлеуметтік желіде танысқан қыз-келіншектердің банк-шоттарына аудартып, кейін қоғамдық орындарда өзінің карталарының бұғаттаулы екенін айтып, кездейсоқ адамдарға аудартып, иемденіп келген.

Қазіргі таңда күдіктіні осындай 10 қылмысқа қатысы бары анықталды. Алаяқтың құрбаны болғандар – Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Астана, Шымкент қаласының тұрғындары.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Астана қаласында қамауға алынды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago