Categories: Қоғам

Прокурор журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға түрмеге қамауды сұрады

Прокурор сотта журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға соттауды сұрады. Бұл туралы журналистің Telegram-дағы Abzhan News арнасы хабарлады.

Ал оның адвокаты Гүлнәр Сүлейменова сот жабық өтіп жатқанын айтып, үсінік беруден бас тартты.

Процесс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 6 қаңтарда басталған. Іске судья Айжан Құлбаева төрағалық етіп жатыр. Сот үкімі 3 ақпанда сағат 17.00-де оқылады.

39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі былтыр 3 шілдеде тұтқындаған. Әбжанға «көрінеу жалған ақпарат тарату» (274-баптың 3-бөлігі) және «бопсалау» (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылған.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago