Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Ғылым > АЭС салынатын елді мекен бекітілді
Ғылым

АЭС салынатын елді мекен бекітілді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 17.08.2023
Обновлено 17.08.2023 в 02:08
Поделиться
Поделиться

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы Алматы облысында салынатын болды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында реакторлық технологияларды таңдау бойынша бұрын жүргізілген зерттеулерді өзектендіру, атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жүргізілген зерттеулердің қорытындысына сәйкес атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды.

Елдегі алғашқы атом электр станциясы үшін осыған ұқсас станцияны салу және сәтті пайдалану тәжірибесінде тексерілген технологияны таңдау ұсынылады. Осыған байланысты ядролық технологиялардың мынадай әлеуетті жеткізушілерінен тұратын «қысқа-тізім» жасалды:

— HPR-1000 қытайлық CNNC компаниясы;

— APR-1400 реакторы бар корей KHNP компаниясы;

— ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей Росатом компаниясы;

— EPR-1200 реакторы бар француз EDF компаниясы», — делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, зерттеу нәтижелері 2022 жылғы мамырда атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралған және мақұлданған.

«Атом энергиясын пайдалану туралы» ҚР Заңының 12-бабына сәйкес ядролық қондырғыларды салу және салу ауданы туралы шешімді аумағында қондырғы салу жоспарланып отырған жергілікті өкілді органдардың келісімімен ҚР Үкіметі қабылдайды. Бұл ретте мәслихат жергілікті өкілді орган болып табылады.

Осыған байланысты, 2022 жылғы қарашада Алматы облысы мәслихатының кезекті сессиясында аудан тұрғындарын қолдау шартымен құрылысқа келісім беру туралы шешім қабылданды,

деді министрліктен.

Осы ретте Алматы облысының әкімдігі халықпен жария талқылаулар өткізетін болады. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру жасалған. Министрлік дерегіне сүйенсек, тиісті ақпарат Атамекен газетінде (№28), сондай-ақ 2023 жылдың 21 шілдесінде Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми сайтында, Facebook және Instagram парақшаларында жарияланған.

Бұл ретте Экологиялық кодекске сәйкес өткізілетін қоғамдық тыңдаулар жобалық құжаттама әзірленгеннен кейін жобаны экологиялық бағалау кезеңдерінде кейінірек бастамашылық етілетін болады.

Төмендегі кестеді Энергетика министрлігі қоғамдық талқылаулар мен қоғамдық тыңдаулар арасындағы айырмашылықты көрсетіп өткен.

Анара Бауыржанқызы 17.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҒылымРуханият

Білікті маман жауапты қызметке тағайындалды

15.04.2024
ҚоғамҒылым

TikTok Қазақстанда төрт миллионнан астам бейнежазбаны өшірді

27.03.2024
ҒылымҚоғам

Әлемнің ең қымбат брендтері аталды 

15.03.2024
ҒылымШетел басылымына шолуШолу

«Роскосмостың» күні бітуге жақын

05.03.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?