Қай ауруханалардың қызмет сапасы төмен — Денсаулық сақтау министрі тізімін жариялады

Денсаулық сақтау министрі аймақтардағы медициналық ұйым басшыларының жұмыс деңгейінің әлсіздігін атап өтті.

Ведомствоның алқа отырысы барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аймақтарға жұмыс сапары және халықпен кездесу, азаматтарды қабылдау және ведомствоға келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, медициналық көмек сапасының стандарттарын өрескел бұзатын бірқатар аймақтар мен медициналық ұйымдардың жұмысын қатаң сынға алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің парақшасында жарияланды.

Жыл сайын медициналық көмек сапасына қатысты 5,6 мыңнан аса арыз тіркеледі. Биыл бірінші жартыжылдықта осындай 2,8 мың арыз-шағым келіп түскен. Бұл ретте 30%-дан аса жағдайда фактілер нақтыланады. Өкінішке қарай, жағдай жақсы жағына өзгеріп жатқан жоқ.

Бірқатар өңірде медицина қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін орындауға салғырт қарауы және медициналық ұйымдардың менеджементі нашар ұйымдастырылғаны байқалады,

деп атап өтті өз сөзінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Министр медициналық көмек көрсету ережелері мен стандарттарын бұзу жаппай сипат алып бара жатқанына назар аударды.

Биыл 6 айда осы тектес 500-ден аса жағдай тіркелген. Сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті көбінесе жағымсыз жайттарға әкеліп соғатын клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуға қатысты 1600-ден аса фактіні анықтады.

Осылайша, министр атап өткендей, Комитетке келіп түскен орынды шағымдар бойынша аймақтарды саралау нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы ахуал мәз емес 6 аймақ анықталды.

Олар:

  • келіп түскен шағымдардың 59% нақтыланған Павлодар облысы (№1қалалық аурухана, Екібастұз қалалық ауруханасы, Павлодар қаласындағы №3 емхана).
  • Алматы облысы (Іле, Талғар ауданының орталық ауруханасы, Қарасай ауданындағы ауданаралық көпбейінді аурухана) – 56,3%,
  • Жамбыл облысы (Байзақ, Жамбыл аудандық орталық ауруханасы, №5, №8 қалалық емханалар, Шу қаласының емханасы) – 51%,
  • Қызылорда облысы (Көпбейінді қалалық аурухана, Шиелі және Жаңақорғандағы ауданаралық аурухана, №3 қалалық аурухана) – 44,4%,
  • Алматы қаласы (№4 қалалық аурухана) – 35,7%,
  • Маңғыстау облысы (Бейнеу аудандық орталық ауруханасы) – 31,3%.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago