Қай өңірдің жалақысы жоғары?

2022 жылдың екінші тоқсанында ең жоғары орташа айлық Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Биылдың екінші тоқсанында жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 287,1 мың теңгеге жетіп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,9 пайызға өскен, деп хабарлайды ranking.kz сайты.

2021 жылдың осы кезеңінде шағын кәсіпорындарды қоса алғанда, қазақстандық компаниялар қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 18 пайызға өсіп, 233,5 мың теңгені құрады.

Сала бойынша алып қарағанда, биылғы екінші тоқсанда ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу (561,6 мың теңге), сондай-ақ қаржы әрі сақтандыру қызметі (540,4 мың теңге) салаларында белгіленді.

Одан кейінгі орында ақпарат пен байланыс (378,9 мың теңге), ғылыми және техникалық қызмет (378,7 мың теңге), сондай-ақ көлік әрі қойма шаруашылығы (330,4 мың теңге) салалары орналасқан.

Ең төмен орташа айлық атаулы жалақы сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу, ластануды жою жөніндегі қызметке (167,9 мың теңге), сондай-ақ ауыл, орман әрі балық шаруашылығы (171,1 мың теңге) салаларындағы жұмысшыларға және өнер, ойын-сауық пен демалыс (179,4 мың теңге) секторындағы қызметшілерге тиесілі.

Өңірлік тұрғыда 2022 жылдың екінші тоқсанында ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы мұнай өндіруші Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелді. Тиісінше, бұл өңірлерде 471,9 мың және 414,8 мың теңге болды. Одан кейінгі орында Ұлытау облысы (364 мың теңге), Астана (346,7 мың теңге) және Алматы (314,8 мың теңге) қалалары тұр.

Ал ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында (212,1 мың теңге), Шымкентте (218,7 мың теңге) және Қостанай облысында (223,8 мың теңге) байқалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago