Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, бүркеніп еді
Дін

Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, бүркеніп еді

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 27.09.2023
Обновлено 27.09.2023 в 03:09
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қоғамда дау тудырған мәселенің бірі оқушылар арасында орамал тартып, білім ошағына мектеп формасымен емес, хиджаб киіп келуді құп көретіндердің әрекеті болып отыр.

Қазақстанның Еңбек Ері, білікті педагог Аягүл Миразовадан абың-күбің әңгіме туғызған, қоғамдық пікірді дай-дай қылып қақ жарған орамал мен хиджаб мәселесіне қатысты пікірі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

Білікті ұстаздың пікірінше, білім саласында байырғыдан келе жатқан, үлгі аларлық, өнеге боларлық мектептің киім үлгісі бар.

Тәуелсіз ел атанғанға дейін де оқушы атанған жастар арнайы мектеп формасын киді. Содан оқушылар білімсіз, тәрбиесіз, тіпті дінсіз болды дей аламыз ба? Олардың иманының әлсіреуіне, білімінің төмендеуіне мектеп формасы әсер етті деу қисынды ма? Әрине жоқ!

Сапалы білім алды, өнегелі тәрбиемен есейді мектеп қабырғасында олар. Әлі де солай. Бірыңғай форма не үшін қажет? Бай мен бағланның баласы да, қарапайым отбасының оқушысы да бірыңғай киім үлгісімен жүреді. Ата-ана да бәсекелестік деп бас ауыртпайды, баланың да көңілі бұзылмайды әлеуметтік теңсіздікті ойлап. Онсыз да түрлі реформаны бастан өткеріп, алағай да бұлағай бағдарламаларға малтығып қалған мектепте енді киім үлгісін ретке келтірдік пе дегенде хиджаб, орамал мәселесі дүркін-дүркін көтеріліп жатыр.

Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, тарс бүркеніп еді? Ата-бабамыз ислам дінін ұстанбады ма? Бес уақыт намазын қаза қылмай өтемеді ме? Олар қай қызына хиджаб кигізіп, тұмшалады? Қазақ қан жұтқан қайғының ортасында да қара түсті киім кимеген. Ақ орамалды қызы жат жұрттық атанып, өзге үйдің босағасынан келін болып оң аяғымен аттаған сәттен бастап тартқан.

Мектеп – білім нәрін құятын орта, баланың келешекте қандай мамандық иесі атанарына бағдар сілтейтін шаңырақ. Заң талабы барлығына да бірдей орындалады, бәрі де соған бағынуы тиіс. Бала кәмелеттік жасқа толып, өзі шешім қабылдайтын кезеңге жеткенде еркі біледі қандай киім киетінін. Сондықтан кез келген ата-ана баласын мектепке оранып келуін емес, білім алсын, оқысын, білікті маман атануына жол ашылсын деп қадағалауы керек.

Ата-ана өзінің ұстанған бағыты, ой-пікірі дұрыс-бұрыстығын ескермей баласына таңып, мәжбүрлеп тели беруіне болмайды деп санаймын. Барлық бала бірдей, емін-еркін ойнап, жадырап жайнап жүріп қатарластары секілді білім алуға толық құқылы. Білім саласындағы талап біреу ғана болып, сол талапты орындауға ата-ана да, ұстаз да, мемлекет те міндетті болуы тиіс,

деді Аягүл Миразова.
ТЕГи: Қазақстан, Руханият
Сая Манарбековна 27.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?