Әлеуметтік желіге шолу

Қайрат Нұртас баласын туған күнімен құттықтаймын деп басы дауға қалды

Танымал әнші Қайрат Нұртас Астанада тұратын кенже баласының туған күнімен құттықтауы Желіде талқыға түсті. Әнші ұлын қалай құттықтағанын көрсетіп, Instagram парақшасында видео жариялады. Видеоға сондай-ақ баласына арнаған өлеңін де жариялаған.

«Тоймаймын қарай берсем қылығына,
Ойлаймын, ойдың кіріп тұнығына.
Хан ұлым, дүниеге келген күні
Құтты болсын, телірім құлыныма

Азамат болып өссең таудай болған,
Бар ма екен одан асқан қандай да арман.
Хан балам, ғұмыр жасың ұзақ болсын,
Түрі де әкесіне аумай қалған.

Арманына жетеді қаласа кім,
Сенімен еске түсер бала шағым.
Мол болсын несібең мен бақ, байлығың,
Зор болсын құлыншағым болашағың!», — деп жазды әнші.

Видеоға сай, Қайрат Нұртас інісі Аянмен және тағы бір ересек адаммен және мобилографпен балалары тұрып жатқан үйге келеді. Бұл процесстің бәрін әншінің мобилографы видеоға түсіреді.

Баламның туған күніне келдім. Дәл бүгін тойлауға мүмкіндік болмай тұр. Балалардың сабағы басталып кеткен. Болашақта керемет етіп атап өтеміз. Алматыдағы ата-әжесі мен бауырлары сәлем жолдап жатыр. Ханның атын өзім қойғанмын. Сол үшін де басқа балаларымнан ерекше. Ұзақ уақыт көрмегесін қатты сағынып қалдым,   

дейді әнші.

Желі қолданушылары бұл видео-құттықтауды жаппай сынға алды. Бірі баласының туған күнінде үйде отырмайтын Жұлдызды сынаса, бірі балаларының орыс тілінде сөйлегенін сынады. Қайраттың шар, тортсыз келгенін де сынағандар болды.

«Жұлдызды жарыққа шығарам деп бәлеге қалды ғой Гүлзира. Қамақта ұстап отыру керек еді есіртпей»

«Қазақтар қазақ тілді менсінбей ма сонда?»

«Қайрат Нұртас, сізді қазақтың поп-королі деп санаймыз! Не мынау, балаларың жәутеңдеп отыр ғой, столда ештеңе жоқ, вермишель, сағыныш. Сен дұрыстап келмейсің бе — шарлармен, ойыншықтармен, аниматорлар қайда? Сонша көп ақша табасың, бірақ балаларыңның тұрып жатқан пәтері не мынау? Сөйлегені орысша шүлдірлеп. 4 баланы туғызып, әйеліңді тастап кеттің. Өкінішті картина мынау. Сіз осындай жауапкершілігі жоқ деп ойламаппын. Әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Бірақ бұл еркекше емес. Балаларыңа обал»

«Қайрат ақшаның құлы болып кеткен ғой, балаларымен туған күнде қана кездеседі, свидания сияқты, балаға ақша емес әке керек, ақшасыз әкеніде жақсы көреді бала, ақшаны қуа бермей, мамаламай, отбасынды ойла, бірақ мына көрніске қарасақ Жұлдыз ханым бәрін өзі шешіп тастаған сияқты»,

деп жазды Желі қолданушылары.

Ал бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз жеке парақшасына ұлын құттықтап, есейгенін жазған болатын. 

“Кеше түнде хабарласқанымда ”…мама, қасыңда емеспін деп уайымдамаңыз. Мен енді үлкен жігітпін. Бәрін де түсінем. Сіз алаңдамай жұмысыңызды бітіріп келіңіз!” деді. Хан өте сабырлы, көп сөзді ұнатпайды. Бірақ, бір сөйлегенде дөп түседі. Айналасын ұзақ бақылайды, оның сеніміне кіру оңай емес. Алайда үйренген жандарға деген махаббаты, досқа деген адалдығы, бауырларына деген мейірімі, үлкен-кішіге тіпті жануарларға деген қамқорлығы шексіз,

деп жазды актриса.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова келіндерге қатты жағдай жасап қойып, оларды кейін басқара алмай қалғанын айтқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago