Қайрат Сатыбалдыұлы жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.
26 қыркүйекте сот Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырды.
Экс-президенттің немере інісінің ісі бойынша сотта тек екі эпизод – «Қазақтелеком» мен «Көліктік сервис орталығы» бойынша қаралды. Шамамен 42 млрд теңге материалдық залал келтірілген.
Ол жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін — бұл террористік қылмыс сияқты ауыр қылмыс жасағандардан басқалардың бәріне қолданылады,
деді прокурордың орынбасары.
Оған қатысты қазір басқа да істер тексеріліп жатыр. Атап айтқанда, экономикалық, салық, қылыстық жолмен табылған қаражат сұрақтары қарастырылатын болады.