Қайрат Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтейтін болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйек күні Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады. Бұл мекеме арнаулы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған. ОВ-156/20 қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесі. Сотталған адам апелляциялық шағым түсірсе, оны қарау мерзіміне дейін тергеу изоляторында қалады,
делінген хабарламада.