Қайрат Сатыбалдының сыбайласына іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының сыбайласына іздеу жарияланғанын хабарлады, деп жазды Азаттық сайты.

Агенттіктің жазуынша, «қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру» фактілері бойынша Сатыбалдыға қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Тергеу барысында «Сатыбалдының сенімді адамы – Қазақстан азаматы 1983 жылы туған Эфенди Кемальдың бірқатар кәсіпорындардың құрылтайшысы және директор екені» анықталған.

Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру болды. Ол үшін оған Қайрат Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген. Мысалы, Эфендидің бір эпизоды бойынша ғана 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының 3 күн ішінде Қайрат Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд теңге және 62 млн ақша алған,

деп жазылған агенттіктің жексенбі күнгі хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, биыл ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан кетіп, «қылмыстық қудалау органдарынан жалтарған».

«Оның құқыққа қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланды» дейді агенттік.

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды көктемде «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды», ірі көлемде «Қазақтелеком» және «Көлік сервис орталығы» қаржысын ұрлады деген күдікпен қамауға алынған. Бұған дейін құқық қорғау органдары оның өзге де қылмысқа қатысы бары анықталып жатыр деп мәлімдеген.

Сатыбалдының соты қыркүйек басында басталып, аяқталуға аз қалды. 23 қыркүйек күнгі жарыссөзде прокурор оған алты жыл түрме жазасын сұрады. Оған үкім 26 қыркүйекте шығады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago