Путин соғыстан қашқандарды 10 жылға қамау туралы заңға қол қойды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин соғыстан қашып, тау басып, ел асқандарды он жыл түрмеге тоғыту туралы заңға қол қойды.

Заңда әскери қызметтің бірқатар бағыттары бойынша түзетулер енгізілген.

Оның ішінде әскери борышына адалдық танытпағандарды, тұтқындарды босатқандарды 10 жыл, әскери қызметте жүріп тонаушылықпен айналысқандарды 15 жыл бас бостандығынан айыру сынды тармақтар бар.

Еске салайық, 21 қыркүйектен бастап Ресейде ішінара мобилизация жарияланған еді. Кейін халық жаппай наразылық танытып, шеруге шықты. Ресейдің 38 қаласында өткен ереуілдердің нәтижесінде 1500-ге жуық адам тұтқындалды. Соғысқа жол жоқ деген халық елінен безе бастады. Осы күндер арасында Қазақстанға келгендер саны күрт артты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago