Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қайрат Сатыбалдының тағы бір әйелі туралы мәлімет шықты
Қоғам

Қайрат Сатыбалдының тағы бір әйелі туралы мәлімет шықты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 01.02.2023
Обновлено 01.02.2023 в 09:02
Поделиться
Поделиться

Өткен жылы қыркүйек айының соңында, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі оқылардан бірер күн бұрын желіде видео пайда болды. Онда сотталушы өзінің туыстарымен және адвокаттарымен видео-байланысқа шығады. Видеода әлдебір әйел бірер секундқа көрініп қалды. Қысқа әңгімеден оның Қ.Сатыбалдының әйелдерінің бірі екені байқалады, деп хабарлайды Orda.kz.

«Қазақстандық БАҚ-та оның төрт әйелінің аты-жөні айтылады. Дубайдағы пәтерлер сөз болғанда төртеудің екеуі – Әсел Бақтиярқызы мен Саида Қанатбаекқызы туралы жазғанбыз. Бірақ бұл келіншек Әсел де, Саида да емес. Басқа екі әйеліне де қатысы жоқ…»

делінген жазбада.

Ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, әлгі әйелдің аты-жөні – Марсела Александровна Нұрсұлтан.

Олар мұны Ресейдің қауіпсіздігі әлсіз жеке мәліметтер базасынан анықтаған. Қытайдың Great Export Import платформасында қазақстандықтардың Дубайда жасаған келісімдерін зерттегенде Марсела Александровна Нұрсұлтанның аты-жөні шыға келіпті.

2021 жылы наурызда Марсела Дубайдан 50 мың долларға көлік сатып алған екен. Сатып алушы өзінің аккаунтын өшіріп тастағанымен, сатушының мәліметі сақталып қалған. Соған қарағанда, ол өзіне қатысты деректерді жойып отырған болуы мүмкін. Алайда аккаунттарының бірі желіде қалып қойыпты.

«Марселаның әкесінің атына қарап, оның Қайратқа қаны бір туыс емес екенін көруге болады. Осы тұста бізге ресейлік мәліметтер базасынан шығып кеткен деректер көмектесті. Марсела Александровна Нұрсұлтанның тегі бұған дейін Мартиросян болған, ал түпкі тегі – Александрова.

Ол 1987 жылы 26 қарашада Городовиковскіде (Калмыкияның шағын қаласы) туған. Біраз уақыт Ставропольде тұрған, кейін Мәскеуге көшіп келген. Марсела Александрова-Мартиросян-Нұрсұлтанның бір адам екені жалпы сақтандыру, салық төлеушінің нөмірі және ресейлік паспорт деректерінен көрініп тұр. Туған жері мен тіркелген жері де бір.

2019 жылы Александрова-Мартиросян Mersedes GLA және Toyota Corolla көліктерін сатып алған, бір жылдан кейін Нұрсұлтан деген текке өткен. Тиісінше әлгі көліктер де соған ауысқан.

Марсела аса ұқыпты жүргізуші емес екен. Екі жылда оған 20 мың рубль айыппұл жазылыпты. Бірақ Марселаның ең үлкен олжасы – Мәскеудегі Раменка өзенінің жағасында орналасқан пәтері. Ресей астанасының орталығы болмаса да, жаман жер емес. Мәскеу мемлекеттік университеті мен Сталиннің саяжайына жақын жер.

Марселаның 272 шаршы метрлік пәтерінің кадастрлық құны 94 млн рубль, нарықтық құны – кемі 150 млн рубль немесе 1 млрд теңге. Бұрынғы шаштараз 50 мың рубль айлықпен 2019 жылы бұған қол жеткізе алмас еді…

Ресейлік Марсела Нұрсұлтанның Қайрат Сатыбалдыға және видеодағы келіншекке қандай қатысы бар? Марсела әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшіріп тастағанымен, мамандар оның «ВКонтакте» желісіндегі жойылған аккаунтынан суреттерін шығарып алыпты.

Қайрат Сатыбалды алты жылға сотталып, мемлекетке 500 млн доллардан астам қаржыны қайтарды. Алайда Марсела мен Қайрат жуық арада кездесе алмауы мүмкін. Өйткені Қ.Сатыбалдыға қатысты басқа да эпизодтар зерттеліп, жасырған активтерін іздеу жалғасып жатыр.

Анара Бауыржанқызы 01.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?